Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігінің міндеттерін шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесін күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Міндеттері" деген кіші бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу";
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы "62768,72" деген сандар "44364,75" деген сандармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "62468,72" деген сандар "44064,75" деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
"Күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
2) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады";
"Кіріспе" деген 2-бөлімнің жиырма үшінші абзацы алып тасталсын;
"Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері" деген 4-бөлімнің бесінші абзацы алып тасталсын;
"Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімнің "Бағдарламаның негізгі бағыттары" деген 5.1-кіші бөлімде:
5.1.2 - тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
5.1.3 - тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"5.1.3. Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу:";
екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"қатты және сұйық күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеуді;
жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеуді және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құруды;
жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеуді;
адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеуді;";
"Бағдарламаны іске асыру тетіктері" деген 5.2-кіші бөлімнің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді ұйымдастыру";
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
кестеде:
реттік нөмірі 2-жолдағы "49075,02" деген сандар "30670,598" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы "600,00" деген сандар "600,452" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолдағы "62468,72" деген сандар "44064,75" деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "62768,72" деген сандар "44364,75" деген сандармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "62468,72" деген сандар "14861,2" деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алып тасталсын;
"Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген 7-бөлімдегі жиырма алтыншы абзац алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті