"Актілер жинағында"
және республикалық
баспасөзде жариялануға
тиіс
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн ғарыш қызметiнiң басым бағыттарына шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі мiндеттерiн шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ EТЕДІ:
1. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен).
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен).
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жоюға қойсын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазғарыш" ҰК" АҚ) құрсын;
4) "Қазғарыш" ҰК" АҚ қызметiнiң негізгi бағыттарын:
Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдық, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз eтугe бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;
ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану;
ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындауға қатысу деп айқындасын;
5) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 25 қаңтардағы
N 1513 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында ғарыш қызметiн дамыту"
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Ескерту. Бағдарламаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.