Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 557 Қаулысымен.
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1165 қаулысымен
бекітілген
Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы
1. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму жөніндегі қызметтер.
2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын "Солтүстік - Оңтүстік" транзиті бойынша бере отырып өндіру және сату.