Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1173 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығын, 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығын қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2007 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1173 қаулысымен  
бекітілген    

Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1173 қаулысымен 
бекітілген    

Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      классерлік әдіс - мақта жөніндегі сарапшы (классер) жүзеге асыратын, сорты, сыныбы және штапельдік ұзындығы бойынша мақта талшығын қолмен бағалау;
      мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілері - мақта талшығының нақты сорты мен сыныбына тән, түсі, дақ түсуі, құрылымы және ластануы бойынша мақта талшығының сапа сипаттамаларының жиынтығын білдіретін, бекітілген немесе белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген үлгілер;
      мақта талшығының иесі - меншік құқығында мақта талшығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      мақта талшығының сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақта талшығының тұтыну қасиеттерінің жиынтығы.

      3. Мақта талшығының сапасын сараптау міндетті болып табылады және мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бумалап) жүзеге асырылады.

      4. Мақта талшығының сапасын сараптауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сарапшы ұйым Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

2. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу тәртібі

      5. Мақта талшығының сапасын сараптау:
      1) сынамаларды іріктеуді;
      2) сынамаларды сынақтан өткізуді;
      3) мақта талшығы сапасының паспортын ресімдеуді қамтиды.

      6. Мақта талшығының әрбір бумасынан сынама (100-150 грамм) іріктеуді мақта тазалау зауытында бума қыспақтан шыққанда сараптау ұйымының іріктеушісі жүзеге асырады.

      7. Сәйкестендіру мақсатында сарапшы ұйымның іріктеушісі әрбір іріктеп алынған мақта талшығы сынамасына бума нөмірінің штрих-коды бар биркадан жұлынатын купонды салады.
      Купон жұлынып алынған бирка сынама алынған буманың тілінген бөлігіне салынады.

      8. Сарапшы ұйымның іріктеушісі мақта талшығының іріктеп алынған сынамаларын жұлынған купондармен бірге полиэтилен пакеттерге буып-түйіп, оларды қапқа тығыздап салады. Қап зат бөлгімен мөрленеді.

      9. Бір өнеркәсіптік әрі селекциялық сортты және сыныпты шитті мақтадан өңделген мақта талшығынан сынамалар іріктеп алу сарапшы ұйымның іріктеушісі мен мақта тазалау зауытының өкілі қол қоятын, екі данадағы сынамаларды іріктеп алу актісімен ресімделеді, оның біреуі мақта тазалау зауытының өкіліне, екіншісі - сынамаларды сарапшы ұйымның зертханасына тасымалдауды жүзеге асыратын сарапшы ұйымның өкіліне беріледі.
      Сарапшы ұйымның іріктеушісі мақта талшығының сынамаларын бумалап іріктеп алуды тіркеу журналын жүргізеді.

      10. Сынамалар салынған мөрленген қаптарды сарапшы ұйымның өкілі сарапшы ұйымның зертханасына тасымалдайды.

      11. Сарапшы ұйымның зертханасына жеткізілген сынамалар салынған қаптарды сарапшы ұйымның маманы қабылдап, мақта тазалау зауыттарында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдауды тіркеу журналына тіркейді.

      12. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізуді сарапшы ұйымның мамандары сарапшы ұйымның зертханасында қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүргізеді.

      13. Мақта талшығының сынамалары алдын ала жылдам желдету қондырғысында ұсталады немесе 24 сағат бойы стандартты ауа райы жағдайындағы үй-жайда желдетіледі: ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65% + 2%, ауа температурасы 21 о С + 1 о С.

      14. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:
      1) өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесі (НVІ типті) арқылы;
      2) классерлік әдіспен.

      15. Мақта талшығын сынақтан өткізуді бастар алдында өнімділігі жоғары өлшейтін автоматталған мақта талшығын сынау жүйесін (НVІ типті) күйге келтіруді жүзеге асырады.

      16. Өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесі (НVІ типті) арқылы мақта талшығының мынадай көрсеткіштерін өлшейді:
      микронейр көрсеткіші;
      түс көрсеткіштері (шағылысу коэффициенті, сарғаю дәрежесі);
      ластану көрсеткіштері (трэш код, арамшөпті қоспалар алаңы, арамшөпті қоспалар саны);
      ұзындық көрсеткіштері (жоғарғы орташа ұзындық, ұзындығы бойынша біркелкілік индексі, қысқа талшықтар индексі);
      мықтылық көрсеткіштері (үлестік үзілу жүктелімі, үзілгендегі ұзаруы).

      17. Классерлік әдіс:
      мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерімен салыстыру жолымен сорты мен сыныбы бойынша мақта талшығын органолептикалық бағалауды;
      штапельді қолмен төсеу жолымен штапельдік ұзындығын анықтауды көздейді.
      Бұл ретте сондай-ақ микронейр көрсеткіші (аспаппен), мақта талшығының сынамаларында басқа қоспалардың (мақта тұқымының, линттің, шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу қалдықтарының, майланған мақта талшығының, шірік иісінің) болуы және жабысқақтығы анықталады.

      18. Мақта талшығының сапасын бумалап сынақтан өткізу нәтижелері бойынша әрбір бумаға мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мақта талшығы сапасының паспорты ресімделеді.
      Мақта талшығы иесінің өтінімі бойынша оның есебінен мақта талшығы сапасының бумалық паспорттары негізінде мақта талшығының біртектес партиясына біріктірілген мақта талшығы сапасының паспорты ресімделуі мүмкін.

      19. Мақта талшығының сапасы паспортының бланкісі қара немесе көк түсті шарикті немесе қауырсынды қаламмен қолмен не машинкамен басу тәсілімен толтырылады. Мақта талшығы сапасының паспортының бланкісін толтыру кезінде түзетулерге жол берілмейді.
      Сарапшы ұйымның уәкілетті өкілі мақта талшығының сапасы паспортының бланкісін толтырады, оған қол қояды және сарапшы ұйым зертханасының мөрімен бекітеді.

3. Мақта талшығы сапасының паспортын беру тәртібі

      20. Мақта өңдеу ұйымына мақта талшығы сапасының паспортын сарапшы ұйым мақта тазалау зауытында мақта талшығының сынамаларын іріктеуден кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс.

      21. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу нәтижелері негізінде мақта өңдеу ұйымы түрі, өнеркәсіптік және селекциялық сорты бойынша біртекті, үш сыныпқа дейін болуға жол берілетін мақта талшығының партиясын жинақтайды, жинақталған мақта талшығы партиясының кондициялық салмағын айқындайды. Мақта талшығын тиеп жөнелту кезінде мақта өңдеу ұйымы жөнелту құжаттарына мақта талшығы сапасының паспортын салады.

      22. Мақта талшығы сапасының паспорты берілген күннен бастап күшіне енеді және мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда сегіз ай бойы қолданылады.

      23. Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткізгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапасы паспортының қолданылу мерзімінен асырмай сарапшы ұйымның зертханасында сақталады, содан соң мақта өңдеу ұйымына қайтарылады.

4. Қорытынды ережелер

      24. Мақта саласын дамыту саласындағы уәкілетті орган сарапшы ұйымның осы Ережені сақтауын жыл сайын бақылауды жүзеге асырады.

      25. Қажет болған жағдайда мақта талшығының иесі өз қаражаты есебінен өзге сарапшы ұйымда мақта талшығының сапасын қайта сараптауды жүзеге асыруға құқылы.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к экспертной организации и Правил проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2007 года № 1173. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1108

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2015 № 1108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-1/55; от 8 июля 2015 года № 4-1/618.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2) Правила проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее поcтановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Mинистр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 4 декабря 2007 года N 1173

Квалификационные требования, предъявляемые к экспертной организации

      Сноска. Квалификационные требования утратили силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 4 декабря 2007 года N 1173

Правила
проведения экспертизы качества хлопка-волокна
и выдачи паспорта качества хлопка-волокна

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      классерский метод - ручная оценка хлопка-волокна по сорту, классу и штапельной длине, осуществляемая экспертом по хлопку (классером);

      стандартные образцы внешнего вида хлопка-волокна - образцы, представляющие собой совокупность качественных характеристик хлопка-волокна по цвету, наличию пятен, структуре и засоренности, типичных для конкретного сорта и класса хлопка-волокна, утвержденные или допущенные к применению в Республике Казахстан в установленном порядке;
      владелец хлопка-волокна - физическое или юридическое лицо, имеющее на праве собственности хлопок-волокно;
      качество хлопка-волокна - совокупность потребительских свойств хлопка-волокна, определяющих соответствие требованиям нормативных документов по стандартизации.

      3. Экспертиза качества хлопка-волокна является обязательной и осуществляется по каждой кипе хлопка-волокна (покипно).

      4. Экспертиза качества хлопка-волокна осуществляется за счет бюджетных средств экспертной организацией, определяемой Правительством Республики Казахстан в соответствии с квалификационными требованиями, утвержденными Правительством Республики Казахстан.

2. Порядок проведения экспертизы качества хлопка-волокна

      5. Экспертиза качества хлопка-волокна включает:
      1) отбор проб;
      2) испытание проб;
      3) оформление паспорта качества хлопка-волокна.

      6. Отбор пробы (100-150 грамм) из каждой кипы хлопка-волокна осуществляется отборщиком экспертной организации на хлопкоочистительном заводе при выходе кипы из пресса.

      7. Для целей идентификации отборщик экспертной организации вкладывает в каждую отобранную пробу хлопка-волокна отрывной купон от бирки со штрих-кодом номера кипы.
      Бирка, от которой был оторван купон, вкладывается в надрезанную часть кипы, откуда была отобрана проба.

      8. Отборщик экспертной организации упаковывает отобранные пробы хлопка-волокна с отрывными купонами в полиэтиленовые пакеты и плотно укладывает их в мешок. Мешок опечатывается ярлыком.

      9. Отбор проб хлопка-волокна, выработанного из хлопка-сырца одного промышленного и селекционного сорта и класса, оформляется актом отбора проб, подписываемым отборщиком экспертной организации и представителем хлопкоочистительного завода, в двух экземплярах, один из которых передается представителю хлопкоочистительного завода, второй - представителю экспертной организации, осуществляющему транспортировку проб в лабораторию экспертной организации.
      Отборщик экспертной организации ведет журнал регистрации покипного отбора проб хлопка-волокна.

      10. Опечатанные мешки с пробами транспортируются представителем экспертной организации в лабораторию экспертной организации.

      11. Мешки с пробами, доставленные в лабораторию экспертной организации, принимаются и регистрируются специалистом экспертной организации в журнале регистрации приемки проб хлопка-волокна, отобранных на хлопкоочистительных заводах.

      12. Испытания проб хлопка-волокна проводятся специалистами экспертной организации в лаборатории экспертной организации согласно действующим стандартам.

      13. Предварительно пробы хлопка-волокна выдерживаются в установке быстрого кондиционирования или кондиционируются в течение 24 часов в помещении со стандартными климатическими условиями:
относительная влажность воздуха 65% + 2%, температура воздуха 21 o С + 1 o С.

      14. Испытания проб хлопка-волокна осуществляются в два этапа:
      1) посредством измерительной автоматизированной системы испытаний хлопка-волокна высокой производительности (типа HVI);
      2) классерским методом.

      15. До начала испытаний хлопка-волокна осуществляют настройку измерительной автоматизированной системы испытаний хлопка-волокна высокой производительности (типа HVI).

      16. Посредством измерительной автоматизированной системы испытаний хлопка-волокна высокой производительности (типа HVI) измеряют следующие показатели хлопка-волокна:
      показатель микронейр;
      показатели цвета (коэффициент отражения, степень желтизны);
      показатели засоренности (трэш код, площадь сорных примесей, число сорных примесей);
      показатели длины (верхняя средняя длина, индекс равномерности по длине, индекс коротких волокон);
      показатели прочности (удельная разрывная нагрузка, удлинение при разрыве).

      17. Классерский метод предусматривает:
      органолептическую оценку хлопка-волокна по сорту и классу путем сличения со стандартными образцами внешнего вида хлопка-волокна;
      определение штапельной длины путем выкладывания штапеля вручную.
      При этом также определяется показатель микронейр (инструментально), наличие в пробах хлопка-волокна других примесей (семян хлопчатника, линта, отходов первичной переработки хлопка-сырца, промасленного хлопка-волокна, гнилостного запаха) и клейкости.

      18. По результатам покипных испытаний качества хлопка-волокна на каждую кипу оформляется паспорт качества хлопка-волокна по форме, утвержденной уполномоченным органом в области развития хлопковой отрасли.
      По заявке владельца хлопка-волокна на основании покипных паспортов качества хлопка-волокна за его счет может быть оформлен объединенный паспорт качества хлопка-волокна на однородную партию хлопка-волокна.

      19. Бланк паспорта качества хлопка-волокна заполняется вручную шариковой или перьевой ручкой черным или синим цветом либо машинописным способом. При заполнении бланка паспорта качества хлопка-волокна исправления не допускаются.
      Уполномоченный представитель экспертной организации заполняет бланк паспорта качества хлопка-волокна, подписывает его и скрепляет печатью лаборатории экспертной организации.

3. Порядок выдачи паспорта качества хлопка-волокна

      20. Паспорт качества хлопка-волокна должен быть выдан экспертной организацией хлопкоперерабатывающей организации не позднее семи рабочих дней после отбора проб хлопка-волокна на хлопкоочистительном заводе.

      21. На основании результатов испытаний проб хлопка-волокна хлопкоперерабатывающая организация комплектует однородные по типу, промышленному и селекционному сорту, с допустимым присутствием до трех классов, партии хлопка-волокна, определяет кондиционную массу скомплектованной партии хлопка-волокна. При отгрузке хлопка-волокна хлопкоперерабатывающая организация вкладывает паспорт качества хлопка-волокна в отгрузочные документы.

      22. Паспорт качества хлопка-волокна вступает в силу со дня выдачи и действует в течение восьми месяцев при соблюдении условий хранения хлопка-волокна.

      23. Пробы хлопка-волокна хранятся в лаборатории экспертной организации после испытаний до отгрузки партии владельцем хлопка-волокна, но не более срока действия паспорта качества хлопка-волокна, после чего возвращаются хлопкоперерабатывающей организации.

4. Заключительные положения

      24. Уполномоченный орган в области развития хлопковой отрасли осуществляет ежегодный контроль за соблюдением экспертной организацией настоящих Правил.

      25. При необходимости владелец хлопка-волокна вправе осуществить повторную экспертизу качества хлопка-волокна в иной экспертной организации за счет собственных средств.