Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығымен бекітілген |
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) классерлік әдіс – мақта жөніндегі сарапшы (классер) жүзеге асыратын, сұрыбы, сыныбы және штапельдік ұзындығы бойынша мақта талшығын қолмен бағалау;
2) мақта талшығының иесі – меншік құқығында мақта талшығы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) мақта талшығының сапасы – стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақта талшығының тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
4) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілері – мақта талшығының нақты сұрыбы мен сыныбына тән түсі, дақтарының болуы, құрылымы және ластануы бойынша мақта талшығының сапа сипаттамаларының жиынтығын білдіретін, бекітілген немесе белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген үлгілер.
3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі – зертхана (орталық)) жүзеге асырады.
2-тарау. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу тәртібі
4. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді зертханалар (орталықтар) шарт негізінде мақта талшығының әр тайы бойынша (әр тайға) жүзеге асады.
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу:
1) сынамаларды іріктеуді;
2) сынамаларды сынақтан өткізуді;
3) мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтиды.
6. Мақта талшығының әрбір тайынан сынама (100-150 грамм) іріктеуді мақта тазалау зауытында тай тығыздаудан шыққан кезде зертхананың (орталықтың) іріктеушісі жүзеге асырады.
7. Сәйкестендіру мақсаттары үшін зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының әрбір іріктеп алынған сынамасына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тай нөмірінің штрих-коды бар биркадан жыртылмалы купон салады.
Купон жыртылып алынған бирка тайдың сынама алынған, кесілген бөлігіне салынады.
8. Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының іріктеп алынған сынамаларын жыртылмалы купондарымен бірге полиэтилен пакеттерге буып-түйеді және оларды қапқа тығыздап салады. Қап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша затбелгімен мөрленеді.
9. Бір өнеркәсіптік және селекциялық сұрыптың және сыныптың шитті мақтасынан өңделген мақта талшығынан сынамалар іріктеп алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен ресімделеді. Сынамаларды іріктеп алу актісіне зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мен мақта тазалау зауытының өкілі екі данада қол қояды, оның біреуі мақта тазалау зауытының өкіліне, екіншісі сынамаларды зертханаға (орталыққа) тасымалдауды жүзеге асыратын зертхананың (орталықтың) өкіліне беріледі.
Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сынамаларын әр тайдан іріктеп алуды тіркеу журналын жүргізеді.
10. Сынамалары бар мөрленген қаптарды зертхананың (орталықтың) өкілі зертханаға (орталыққа) тасымалдайды.
11. Зертханаға (орталыққа) жеткізілген сынамалары бар қаптарды зертхананың (орталықтың) маманы қабылдап алады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тазалау зауытында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналына тіркейді.
12. Мақта талшығының сынамаларын сынау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарт тізбесіне сәйкес зертханада (орталықта) жүргізіледі.
13. Мақта талшығының сынамалары жылдам желдету қондырғысында алдын ала ұсталады немесе жиырма төрт сағат бойы мынадай стандартты климаттық жағдайдағы үй-жайда желдетіледі:
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 (алпыс бес) пайыз + 2 (екі) пайыз, ауа температурасы Цельсий бойынша 21 (жиырма бір) градус + Цельсий бойынша 1 (бір) градус.
14. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы;
екінші кезең – классерлік әдіспен.
15. Мақта талшығын сынақтан өткізуді бастағанға дейін өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесін (НVІ типті) күйге келтіру жүзеге асырылады.
16. Өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы мақта талшығының мынадай көрсеткіштері өлшенеді:
1) микронейр;
2) түс (шағылысу коэффициенті, сарғаю дәрежесі);
3) ластану (трэш код, арамшөпті қоспалар алаңы, арамшөпті қоспалар саны);
4) ұзындық (жоғарғы орташа ұзындық, ұзындығы бойынша біркелкілік индексі, қысқа талшықтар индексі);
5) беріктік (үлестік үзілу жүктелімі, үзілгендегі ұзаруы).
17. Классерлік әдіс:
1) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерімен салыстыру жолымен сұрыбы мен сыныбы бойынша мақта талшығын органолептикалық бағалауды;
2) штапельді қолмен төсеу жолымен штапельдік ұзындықты анықтауды көздейді.
Сондай-ақ, микронейр көрсеткіші (аспаппен), мақта талшығының сынамаларында басқа қоспалардың (мақта тұқымының, линттің, шитті мақтаны бастапқы өңдеу қалдықтарының, майланған мақта талшығының, шірік иісінің) бар-жоғы және жабысқақтығы анықталады.
18. Мақта талшығының сапасын әр тай бойынша сынақтан өткізу нәтижелері бойынша әрбір тайға "Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапа паспорты ресімделеді.
Мақта талшығы иесінің өтінімі бойынша мақта талшығының әр тай бойынша сапа паспорттары негізінде мақта талшығының біртектес партиясына біріктірілген мақта талшығының сапа паспорты ресімделуі мүмкін.
19. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісі қара немесе көк түсті шарикті немесе қауырсынды қаламмен қолмен не машинкамен басу тәсілімен толтырылады. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісін толтыру кезінде түзетулерге жол берілмейді.
3-тарау. Мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібі
20. Мақта талшығының сынамаларын сынау нәтижелері бойынша "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" 17025 ҚР СТ ІSO/ІEC Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес сынақ хаттамасы ресімделеді, оның негізінде зертхана (орталық) мақта тазалау зауытында мақта талшығының сынамаларын іріктегеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мақта өңдеу ұйымының мақта талшығы сапасының паспортын береді.
21. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу нәтижелері негізінде мақта өңдеу ұйымы типі, өнеркәсіптік және селекциялық сұрыбы бойынша біртекті, үш сыныпқа дейін болуға жол берілетін мақта талшығының партиясын жинақтайды, жинақталған мақта талшығы партиясының кондициялық салмағын айқындайды.
Мақта талшығын тиеп-жөнелту кезінде мақта өңдеу ұйымы тиеп-жөнелту құжаттарына мақта талшығының сапа паспортын салады.
22. Мақта талшығының сапа паспорты мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда, берілген күнінен бастап және сегіз ай бойы қолданылады.
23. Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткізілгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп-жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапа паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге зертханада (орталықта) сақталады, содан соң мақта өңдеу ұйымына қайтарылады.
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Тай нөмірінің штрих-коды бар бирка
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы | Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы | Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы | Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы |
777 000023 | 777 000023 | 777 000024 | 777 000024 |
777 – мақта тазалау зауытының коды;
000023, 000024 – мақта тазалау зауытындағы мақта талшығы тайының нөмірі.
Ескертпе:
1-жыртылмалы купон іріктеп алынған мақта талшығы сынамасына салынады, 2-бирка тайдың кесілген тілінген бөлігіне салынып, тігіледі.
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Затбелгі
Мақта өңдеу ұйымының атауы ________________________________________________
Мақта тазалау зауытының коды _______________________________________________
Шитті мақта партиясы ______________________________________________________
Шитті мақтаның өнеркәсіптік сұрыбы _________________________________________
Шитті мақтаның сыныбы ____________________________________________________
Селекциялық сұрыбы _______________________________________________________
Сынамалар алынған тайлар:
№ ____________________ бастап № _______________________ дейін
Іріктеп алынған күні 20____ жылғы "____"_______________
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі:
__________________________________________________________ ________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сынамаларды іріктеп алу актісі
№ _______ 20_ жылғы "____" ____________
Мақта өңдеу ұйымының атауы және мекенжайы _________________________________
Мақта тазалау зауытының коды _______________________________________________
Сынамаларды іріктеп алу жүргізілген орын _____________________________________
Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері _____________________________
Бірегей сәйкестендіру _______________________________________________________
Қолданылған әдістің сәйкестендіруі___________________________________________
Сынамаларды іріктеп алу үшін үлгіні (лерді) алу күні _____________________________
Сынамаларды іріктеп алу жүргізілген күн ______________________________________
Сынамаларды іріктеп алу актісі берілген күн ____________________________________
Шитті мақта партиясының нөмірі _____________________________________________
Шитті мақтаның өнеркәсіптік сұрыбы _________________________________________
Шитті мақта сыныбы _______________________________________________________
Селекциялық сұрыбы ______________________________________________________
Тай нөмірі: ____________ бастап _________ дейін
Іріктеп алынған сынамалар саны_____________________________________________
Іріктеп алынған сынамалардың салмағы __ килограмм___________________________
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі:
__________________________________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта тазалау зауытының өкілі
__________________________________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) акредиттеу белгісінің орны
Мақта талшығының сынамаларын әр тай бойынша іріктеп алуды тіркеу журналы
Күні | Бригада және ауысым нөмірі | Сынамалар саны | Штрих-код нөмірі _____ бастап _____ дейін | Іріктеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Іріктеушінің қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі:
__________________________________________ ____ ___________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) акредиттеу белгісінің орны
Мақта тазалау зауыттарында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналы
Күні | Мақта тазалау зауытының коды | Сынама іріктеу актісінің нөмірі мен күні | Жүк құжат нөмірі мен күні | Сынамалар саны | Сынамалар салмағы, килограмм | Ылғалдылығы, пайыз % | Селекциялық сұрыбы | Шитті мақтаның өнеркәсіптік сұрыбы мен сыныбы | Штрих-код нөмірі _____ бастап _____ дейін |
1 | 2 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі:
_______________________________________ ______ ___________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 6-қосымша |
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарттар тізбесі
№ п/п | Стандартты белгілеу | Стандарттың атауы | Ескертпе |
1. | 1096 ҚР СТ | Мақта талшығының стандартты үлгілері. Дайындау және қолдану тәртібі. | |
2. | 1404 ҚР СТ | Шитті мақтаның үлгі-эталондары. Дайындау және қолдану тәртібі. | |
3. | 1403 ҚР СТ | Шитті мақта. Техникалық шарттар. | |
4. | 643 ҚР СТ РСТ Өз | Шитті мақта. Сынама алу әдістері. | |
5. | 1593 ҚР СТ | Шитті мақта. Ластануды анықтау әдістері. | |
6. | 644 ҚР СТ РСТ Өз | Шикі мақта. Ылғалдылықты анықтау әдістері. | |
7. | 593 ҚР СТ РСТ Өз | Шитті мақта. Мақта талшығының сипаттамаларын анықтау әдістері. | |
8. | 1594 ҚР СТ | Шитті мақта. Сортты анықтау әдістері. | |
9. | 1597 ҚР СТ | Тұқымдық шитті мақта және егістік мақта тұқымы. Сынама алу әдісі. | |
10. | 1595 ҚР СТ | Шитті мақтаны өңдеу. Терминдер мен анықтамалар | |
11. | 53236 ҚР СТ МЕМСТ Р | Мақта талшығы. Сынама алу әдістері | |
12. | 53232 ҚР СТ МЕМСТ Р | Мақта талшығы. Ұзындығын анықтау әдістері |