Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1065 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі