"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу мекемелерін күзету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 1231 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу мекемелерін күзету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу
мекемелерін күзету мәселелері бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; N 15, 107-құжат):
      1) 2-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацында "түзеу мекемелерін" деген сөздердің алдынан "әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 21-бапта:
      екінші абзацтағы "түзеу мекемелерін" деген сөздердің алдынан "әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзац "қамауға алынған адамдарды" деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және одан кері әкелу," деген сөздермен толықтырылсын;
      2. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 ж., N 18, 143-құжат):
      1) 20-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;";
      2) 34-баптың 2-тармағындағы "қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.
       2-бап.  Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам охраны исправительных учреждений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2007 года N 1231

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам охраны исправительных учреждений".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Проект

Закон Республики Казахстан
О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам охраны
исправительных учреждений

       Статья 1.  Внести дополнения и изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В  Закон  Республики Казахстан от 23 июня 1992 г. "О Внутренних войсках Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 11-12, ст. 290; N 24, ст. 592; 1993 г., N 8, ст. 179; 1995 г., N 1-2, ст. 17; N 23, ст. 155; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 79; N 12, ст. 184; N 13-14, ст. 205; 1998 г., N 23, ст. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, ст. 233, 247; 2001 г, N 13-14, ст. 174; N 20, ст. 257; N 24, ст. 336; 2004 г., N 23, ст. 142; N 24, ст. 155; N 15, ст. 107):
      1) в абзаце третьем части первой статьи 2 после слов "исправительных учреждений," дополнить словами "за исключением предназначенных для содержания женщин, воспитательных колоний, следственных изоляторов и тюрем,";
      2) в статье 21:
      абзац второй дополнить словами ", за исключением предназначенных для содержания женщин, воспитательных колоний, следственных изоляторов и тюрем";
      в абзаце пятом после слов "заключенных под стражу," дополнить словами "из следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы и обратно".
      2. В  Закон  Республики Казахстан от 18 марта 2002 г. "Об органах юстиции" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 6, ст. 67; 2004 г., N 23, ст. 142; N 24, ст. 154; 2005 г., N 7-8, ст. 23; 2006 г. N 3, ст. 22; N 10, ст. 52; N 13, ст. 86; 2007 г., N 2, ст. 14, 18; N 5-6, ст. 40; N 9, ст. 67; N 10, ст. 69; 2007 г., N 18, ст. 143):
      1) подпункт 6) статьи 20 изложить в следующей редакции:
      "6) охрану органов уголовно-исполнительной системы, исправительных учреждений, предназначенных для содержания женщин, воспитательных колоний, следственных изоляторов и тюрем, контроля за оперативной обстановкой в них, обеспечение безопасности персонала, подозреваемых, обвиняемых и осужденных, конвоирование;";
      2) в пункте 2 статьи 34 слова "охране учреждений уголовно-исполнительной системы, а также" исключить.

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2008 года.

       Президент
       Республики Казахстан