Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу мекемелерін күзету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзеу
мекемелерін күзету мәселелері бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; N 15, 107-құжат):
1) 2-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацында "түзеу мекемелерін" деген сөздердің алдынан "әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-бапта:
екінші абзацтағы "түзеу мекемелерін" деген сөздердің алдынан "әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац "қамауға алынған адамдарды" деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және одан кері әкелу," деген сөздермен толықтырылсын;
2. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 ж., N 18, 143-құжат):
1) 20-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, әйелдерді ұстауға арналған түзеу мекемелерін, тәрбие колонияларын, тергеу изоляторлары мен түрмелерді күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;";
2) 34-баптың 2-тармағындағы "қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.
2-бап.
Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті