Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 374 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2022 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі бекітілсін.

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының санын білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне жеткізуді;

      2) экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 110-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1065 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 42, 443-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1256 қаулысымен
бекітілген

Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген
мемлекеттік нормативі

      1. Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен кепілдік берілген азаматтардың тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында айқындалған.

      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы саны әрбір ауылдық елді мекенде:

      1) мектепалды жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;

      2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, бастауыш білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;

      3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, негізгі орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;

      4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

      3. Қалалық жерде тұрғындардың тегін мектепалды және орта білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2007 жылы 1 қыркүйекте болған мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік ұйымдары және жалпы білім беретін оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

      4. Оқуға және мектептің жанындағы интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болу шартымен, мемлекеттік мектеп жанындағы интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

      5. Оқуға және мектеп-интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың контингенті 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын мемлекеттік жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

      6. Әрбір облыста:

      1) мемлекеттік санаторийлік мектеп-интернаттардың;

      2) мемлекеттік арнаулы білім беру ұйымдарының;

      3) девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттік мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. 2-тармақта көрсетілген нормативтер, білім беру ұйымдары мектепалды және мектеп жасындағы тәрбиеленушілер мен оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгіленеді.

      Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай білім беру ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкін.


Об утверждении гарантированного государственного норматива сети организаций образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года N 1256. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2022 года № 374.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.06. 2022 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый гарантированный государственный норматив сети организаций образования.

      2. Акимам областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) доведение числа государственных организаций образования до гарантированного государственного норматива сети организаций образования;

      2) получение гражданами бесплатного предшкольного и среднего образования (предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего) путем предоставления мест в школах-интернатах, пришкольных интернатах или ежедневного бесплатного подвоза до близлежащих общеобразовательных школ и обратно, исходя из экономической целесообразности и согласия родителей детей, проживающих в сельских населенных пунктах, в которых отсутствуют общеобразовательные учебные заведения.

      Сноска. Пункт 2- в редакции постановления Правительства РК от 04.03.2022 № 110 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2000 года N 300 "О гарантированном государственном нормативе сети организаций образования" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 9-10, ст. 110);

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2003 года N 1065 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2000 года N 300" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 42, ст. 443).

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 декабря 2007 года N 1256

Гарантированный государственный норматив
сети организаций образования

      1. Гарантированный государственный норматив сети организаций образования определен в целях обеспечения гарантированного Конституцией Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" права граждан на бесплатное предшкольное, начальное, основное среднее и общее среднее образование.

      2. В каждом сельском населенном пункте с общей численностью обучающихся и воспитанников:

      1) предшкольного возраста 5 и более человек гарантируется функционирование государственной организации образования, реализующей общеобразовательные учебные программы дошкольного воспитания и обучения;

      2) младшего школьного возраста 5 и более человек гарантируется функционирование государственного учебного заведения начального образования;

      3) младшего и среднего школьного возраста 41 и более человек гарантируется функционирование государственного учебного заведения основного среднего образования;

      4) младшего, среднего и старшего школьного возраста 81 и более человек гарантируется функционирование государственного учебного заведения общего среднего образования.

      3. В городской местности для удовлетворения потребности населения в получении бесплатного предшкольного и среднего образования гарантируется функционирование существующей на 1 сентября 2007 года сети государственных организаций дошкольного воспитания и обучения, общеобразовательных учебных заведений.

      4. Гарантируется функционирование государственных пришкольных интернатов при условии наличия 10 и более обучающихся, нуждающихся в учебе и содержании в пришкольных интернатах.

      5. Гарантируется функционирование государственных школ-интернатов общего типа, которые открываются при контингенте, общее количество которого составляет 150 и более обучающихся, нуждающихся в учебе и содержании в школах-интернатах.

      6. Гарантируется функционирование в каждой области:

      1) государственных санаторных школ-интернатов;

      2) государственных специальных организаций образования;

      3) государственных специальных школ-интернатов для детей с девиантным поведением.

      Сноска. Пункт 6- в редакции постановления Правительства РК от 04.03.2022 № 110 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      7. Нормативы, указанные в пункте 2, устанавливаются при отдаленности организаций образования более чем на 3 километра от населенного пункта, где постоянно проживают воспитанники и обучающиеся предшкольного и школьного возраста.

      При наличии между населенными пунктами естественных преград (реки, озера и т. п.) аналогичные организации образования могут быть созданы и при меньшей отдаленности друг от друга.