Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан N 300. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1256  Қаулысымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттiк нормативi бекiтiлсiн. 
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдарының санын Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепілдендiрiлген мемлекеттiк нормативiне жеткiзудi; <*>
      2) экономикалық орындылығына және жалпы бiлiм беретiн оқу орындары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келiсiмiне сүйене отырып мектеп-интернаттардан, мектептiң жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептерге күнделiктi тегiн тасу жолымен азаматтардың тегiн орта бiлiм алуын қамтамасыз етсiн. 
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.20. N 1065  қаулысымен .
      3. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 маусымдағы N 637 
қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 272-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Үкіметінің                 
2000 жылғы 25 ақпандағы         
N 300 қаулысымен бекітілген       

  Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген
мемлекеттік нормативi

       1. Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың тегін орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында белгіленді. 
      2. Әрбір ауылдық елді мекенде: 
      1) төменгі мектеп жасындағы оқушылардың саны 5 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш сатысының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 
      2) төменгі және орта мектеп жасындағы оқушылардың саны 41 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш және негізгі сатыларының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 
      3) төменгі, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік орта оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 
      3. Қалалық жерде тұрғындардың тегін орта білім алуға сұранымын қанағаттандыру үшін 1999 жылдың 1 қыркүйегінде болған мемлекеттік жалпы білім беру оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 
      4. Оқуға және мектептің жанындағы интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болуы шартымен, мемлекеттік мектептің жанындағы интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 
      5. Оқуға және мектеп-интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың контингенті 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын, мемлекеттік жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 
      6. Әрбір облыста: 
      мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың; 
      мемлекеттік арнаулы түзету білім беру ұйымдарының; 
      девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттік мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 
      7. 2-тармақта көрсетілген норматив, білім беру ұйымдары мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгіленеді. 
      Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай білім ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкін. 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады