Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 773 Қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ұлттық аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің мәні:
1) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу;
2) үш жыл мерзімге аккредиттеу аттестаттарын беру;
3) алты айға дейінгі мерзімге аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру;
4) инспекциялық тексерулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі