Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды оңтайландыру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) оған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң колледжі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Алматы заң колледжі) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
2) Алматы заң колледжінің білім алушыларының Академияда орта білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқуын аяқтауын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.