Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1380 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды оңтайландыру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) оған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң колледжі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Алматы заң колледжі) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
      2) Алматы заң колледжінің білім алушыларының Академияда орта білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқуын аяқтауын қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
      реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады