"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 26 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсы туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізу белгіленсін.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізу ережесі;
      2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы " "        
N     Жарлығымен       
БЕКІТІЛГЕН        

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсының лауреаттары атағын беру жөніндегі
комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады.
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:
      1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау;
      2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу;
      3) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.
      4. Комиссияның:
      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;
      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия құрамына:
      1) Комиссияның төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) Комиссияның хатшысы;
      4) Комиссияның мүшелері кіреді.
      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын оның орынбасары атқарады.
      Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.
      7. Комиссияның хатшысы жұмысшы орган дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:
      1) конкурс өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;
      2) конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден келіп түскен материалдарды қабылдау және алдын ала қарау;
      3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
      4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру жүктеледі.
      9. Комиссия конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.
      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.
      11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
      Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.
      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы " "        
N     Жарлығымен       
БЕКІТІЛГЕН        

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және енгізуге бағытталған.
      Конкурсты өткізудің мақсаттары:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік мәселелерді шешуіне назар аудару;
      2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
      Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.
      2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде конкурс лауреаттары атақтары жыл сайын үш санатта:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша беріледі.
      3. Үміткерлер Комиссияға қоғамның және жеке кәсіпкерлік субъектісінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар түріндегі өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ең үздік үлгілерін растауға тиіс.
      Бағдарламалар мен жобаларға үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.

2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) - конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
      5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлер материалдарды осы Ережеге сәйкес рәсімдейді және ұйымдастырушыларға ұсынады.
      6. Үміткерлерге қойылатын талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;
      2) әлеуметтік және қайырымдылық қызмет саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауға тиіс.
      7. Ұйымдастырушылар:
      1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;
      2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;
      3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
      8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
      қаңтар - конкурстың басталуы туралы хабарлау;
      жыл сайын 1 желтоқсанға дейін - өтінім қабылдау.
      желтоқсан - қорытындылар шығару, конкурс лауреаттарын марапаттау.
      9. Қарауға арналған материалдар конкурс ұйымдастырушыларына қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
      10. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға белгіленген нысандағы өтінімді және үш данадағы материалдарды ұсынады, олар:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнаманы;
      2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебін;
      Үміткердің есебінде:
      заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
      ұйымдық құрылым;
      өзге де қосымша ақпарат болуға тиіс.
      3) есепке қосымшаны (диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар) қамтиды.
      11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
      12. Ұйымдастырушылар үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.
      13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
      1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.
      2) "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы".
      Бұл номинацияда қоғамның және жеке кәсіпкерлік субъектісінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.
      3) "Үздік ұжымдық шарт".
      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
      14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.
      15. Конкурсының лауреаты атағына лайықты емес үміткерлерге тиісті грамоталар беріледі.
      16. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты жағдайда өткізіледі.
      17. Конкурс лауреаттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      18. Конкурс лауреаттары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағы берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде оны алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы " "        
N     Жарлығымен       
БЕКІТІЛГЕН        

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтар беру
жөніндегі комиссияның құрамы

Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Әділбек Рыскелдіұлы            Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Сапарбаев                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы             халықты әлеуметтік қорғау министрі

Рахымбергенов                - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Еркін Мағауұлы                 халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                               Еңбек және халықты жұмыспен қамту
                               департаментінің директоры, хатшы

Досқалиев                    - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жақсылық Ақмырзаұлы            Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Бижанов                      - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Ақан Құсайынұлы                Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Оразбақов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы               және сауда министрі

Есімов                       - Қазақстан Республикасының
Ахметжан Смағұлұлы             Ауыл шаруашылығы министрі

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхамбетұлы              және минералды ресурстар министрі

Ахметов                      - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы                Көлік және коммуникация министрі

Перуашев                     - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы               экономикалық палатасының төрағасы
                               (келісім бойынша)

Мұқашев                      - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы             федерациясының төрағасы
                               (келісім бойынша)

Баталов                      - Қазақстан кәсіпкерлері форумының
Райымбек Әнуарұлы              президенті (келісім бойынша)

Радостовец                   - Қазақстанның тауар өндірушілері мен
Николай Владимирович           экспорттаушылары одағының президенті
                               (келісім бойынша)

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2008 года N 26

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                             К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан

О конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

       ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Установить, начиная с 2008 года, ежегодное проведение конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз".
      2. Образовать Комиссию по присуждению званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" в составе согласно приложению к настоящему Указу.
      3. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила проведения конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз";
      2) Положение о Комиссии по присуждению званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз".
      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня официального опубликования.

       Президент
       Республики Казахстан                             Н. Назарбаев

УТВЕРЖДЕНО         
Указом Президента     
Республики Казахстан   
от "__" _______ 2008 года N__

Положение о Комиссии
по присуждению званий лауреатов конкурса
по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

1. Общие положения

      1. Комиссия по присуждению званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" (далее - Комиссия) формируется из числа руководителей центральных государственных органов, республиканских объединений работников и республиканских объединений работодателей.
      Персональный состав Комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется  Конституцией  Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Задачи и права Комиссии

      3. Задачами Комиссии являются:
      1) рассмотрение материалов претендентов на звание лауреата конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" (далее - претенденты);
      2) проведение оценки и отбор претендентов;
      3) определение победителей конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" (далее - лауреаты конкурса).
      4. Комиссия имеет право:
      1) взаимодействовать с государственными органами и иными организациями, а также общественными объединениями;
      2) запрашивать и получать от организаторов конкурса дополнительные материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;
      3) иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию задач.

3. Организация деятельности Комиссии

      5. В состав Комиссии входят:
      1) председатель Комиссии;
      2) заместитель председателя Комиссии;
      3) секретарь Комиссии;
      4) члены Комиссии.
      6. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее решений. Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет его заместитель.
      Эмблема, диплом и отличительный знак (статуэтка), грамота, предусмотренные конкурсом, утверждаются председателем Комиссии.
      7. Секретарь Комиссии представляет на рассмотрение членам Комиссии документы и материалы, подготовленные рабочим органом.
      8. Рабочим органом Комиссии является Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      На рабочий орган Комиссии возлагаются следующие функции:
      1) информирование о сроках и условиях проведения конкурса через средства массовой информации и официальные веб-сайты организаторов конкурса;
      2) прием и предварительное рассмотрение материалов, поступивших от претендентов для участия в конкурсе;
      3) подготовка и организация заседаний Комиссии;
      4) организация церемонии награждения лауреатов конкурса;
      5) содействие распространению опыта лауреатов конкурса.
      9. Комиссия ежегодно определяет и утверждает план мероприятий на соответствующий год по организации и проведению конкурса.
      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа ее членов.
      11. Решение о присуждении званий лауреатов конкурса принимается Комиссией путем проведения открытого голосования и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель. Решение оформляется протоколом заседания и подписывается всеми присутствующими членами Комиссии.
      Решение Комиссии публикуется в средствах массовой информации.
      12. Информация, содержащаяся в конкурсных материалах и полученная в ходе оценки, является конфиденциальной и не может быть использована в иных целях, кроме оценки претендента, без его письменного согласия.
      13. Решение о прекращении деятельности Комиссии принимается Президентом Республики Казахстан.

УТВЕРЖДЕНЫ          
Указом Президента      
Республики Казахстан    
от "__" ________ 2008 года N__

Правила проведения конкурса
по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

1. Общие положения

      1. Конкурс по социальной ответственности бизнеса "Парыз" (далее - конкурс) направлен на формирование и внедрение корпоративной социальной ответственности бизнеса.
      Цели проведения конкурса:
      1) привлечение внимания к решению социальных вопросов субъектами частного предпринимательства;
      2) демонстрация и широкое распространение положительного опыта, имеющегося в этой сфере.
      Конкурс проводится на всей территории Республики Казахстан, в котором могут принимать участие субъекты частного предпринимательства (далее - претенденты).
      2. На основании решения Комиссии по определению победителей в конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз" (далее - Комиссия) звания лауреатов конкурса ежегодно присуждаются в трех категориях:
      1) субъект малого предпринимательства;
      2) субъект среднего предпринимательства;
      3) субъект крупного предпринимательства.
      3. Претенденты должны подтвердить Комиссии свои лучшие примеры корпоративной социальной ответственности в виде социальных программ, направленных на улучшение благосостояния общества и субъекта частного предпринимательства.
      Программы и проекты включают мероприятия, которые осуществляются претендентами самостоятельно и/или в партнерстве с институтами гражданского общества и местными исполнительными органами, и направлены на достижение позитивных изменений в социальной сфере.

2. Порядок проведения конкурса
по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

      4. Организаторами конкурса являются Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Национальная экономическая палата Казахстана "Союз "Атамекен" и Федерация профсоюзов Республики Казахстан (далее - организаторы).
      5. Претенденты на звание лауреата конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" оформляют и представляют материалы организаторам в соответствии с настоящими Правилами.
      6. Требования к претендентам:
      1) осуществление социальной и благотворительной деятельности на территории Республики Казахстан;
      2) социальная и благотворительная деятельность не должна быть направлена на поддержку политических, профсоюзных и религиозных организаций.
      7. Организаторы обеспечивают:
      1) равные условия для всех претендентов;
      2) конфиденциальность информации, представляющей коммерческую тайну;
      3) неразглашение сведений о результатах конкурса ранее даты их официального объявления.
      8. Сроки проведения конкурса:
      январь - объявление о начале конкурса;
      до 1 декабря ежегодно - прием заявки;
      декабрь - подведение итогов, награждение лауреатов конкурса.
      9. Материалы для рассмотрения представляются организаторам конкурса на бумажном и электронном носителях.
      10. Для участия в конкурсе претенденты подают организаторам конкурса заявку установленной формы и материалы в трех экземплярах, которые включают в себя:
      1) заполненную анкету согласно приложению к настоящим Правилам;
      2) отчет претендента, представляющий собой самооценку уровня его деятельности и конкретных результатов по социальной ответственности бизнеса.
      В отчете претендента должны содержаться:
      история юридического лица или физического лица;
      организационная структура;
      иная дополнительная информация;
      3) приложение к отчету (диаграммы, графики, таблицы, копии документов и тому подобное).
      11. Критерии, характеризующие возможности и результаты деятельности претендента, определяются организаторами конкурса.
      12. Организаторы представляют на рассмотрение Комиссии материалы претендентов.
      13. Комиссия на основании представленных материалов определяет победителей и принимает решение о присуждении званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" по следующим номинациям:
      1) "Лучшее социально ответственное предприятие".
      В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, реализующих социальные программы, направленные на поддержку собственного персонала (организация оплаты труда и социальных выплат, организация охраны труда, организация системы профессиональной подготовки и переподготовки кадров и так далее).
      2) "Лучший социальный проект года".
      В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, реализующих социальные программы, направленные на улучшение благосостояния общества и субъекта частного предпринимательства.
      3) "Лучший коллективный договор".
      В данной номинации рассматриваются коллективные договора, значительно улучшающие и укрепляющие трудовые и социальные права работников, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      14. Лауреатам конкурса вручаются соответствующий диплом, эмблема и отличительный знак (статуэтка).
      15. Претендентам, не удостоенным звания лауреата конкурса, вручаются соответствующие грамоты.
      16. Церемония награждения лауреатов конкурса проводится ежегодно в торжественной обстановке.
      17. Список лауреатов конкурса публикуется в средствах массовой информации.
      18. Лауреаты конкурса получают право использования эмблемы в рекламных целях в течение двух лет после присуждения звания лауреат конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз". Не допускается повторное выдвижение на соискание звания лауреата конкурса в течение двух лет после ее получения в определенной номинации.

ПРИЛОЖЕНИЕ           
к Указу Президента      
Республики Казахстан    
от "__" _________ 2008 года N__

                             Состав Комиссии
               по присуждению званий лауреатов конкурса
             по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

Джаксыбеков               - Руководитель Администрации Президента
Адильбек Рыскельдинович     Республики Казахстан, председатель

Сапарбаев                 - Министр труда и социальной защиты
Бердибек Машбекович         населения Республики Казахстан,
                            заместитель председателя

Рахимбергенов             - директор департамента Министерства труда
Еркин Магауович             и социальной защиты населения Республики
                            Казахстан, секретарь комиссии

Доскалиев                 - председатель Комитета по социально-
Жаксылык Акмурзаевич        культурному развитию Мажилиса Парламента
                            Республики Казахстан (по согласованию)

Бижанов                   - председатель Комитета по социально-
Ахан Кусаинович             культурному развитию Сената Парламента
                            Республики Казахстан (по согласованию)

Оразбаков                 - Министр индустрии и торговли
Галым Избасарович           Республики Казахстан

Есимов                    - Министр сельского хозяйства
Ахметжан Смагулович         Республики Казахстан

Мынбаев                   - Министр энергетики и минеральных ресурсов
Сауат Мухаметбаевич         Республики Казахстан

Ахметов                   - Министр транспорта и коммуникаций
Серик Ныгметович            Республики Казахстан

Перуашев                  - председатель Национальной экономической
Азат Турлыбекович           палаты Казахстана "Союз "Атамекен"
                            (по согласованию)

Мукашев                   - председатель Федерации профсоюзов
Сиязбек Онербекович         Республики Казахстан (по согласованию)

Баталов                   - президент Форума предпринимателей
Раимбек Анварович           Казахстана (по согласованию)

Радостовец                - президент Союза товаропроизводителей и
Николай Владимирович        экспортеров Казахстана (по согласованию)