Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысында :
1-тармақта:
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;";
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі