Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 75 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      "ай сайын" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "есептіден" деген сөзден кейін "тоқсаннан" деген сөзбен толықтырылсын және "есептіден" деген сөз "есепті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
      3-тармақта "әрбір күнтізбелік айда" деген сөздер "әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада тақырыбында "айындағы" деген сөз "тоқсанындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген бағанда "83,3", "55,5" деген цифрлар "123,3", "82,2" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2008 года № 75. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1598

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2013 № 1598 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036 "О взимании таможенных пошлин при вывозе с таможенной территории Республики Казахстан товаров, выработанных из нефти" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 38, ст. 533) следующие изменения и дополнение:

      1) в пункте 2:
      слово "ежемесячно" заменить словом "ежеквартально";
      после слова "отчетным" дополнить словом "кварталом";

      2) в  Правилах исчисления ставок таможенных пошлин на вывозимые с таможенной территории Республики Казахстан товары, выработанные из нефти, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 3 слова "каждый календарный месяц" заменить словами "по итогам каждого отчетного квартала,";
      в  приложении 2 к указанным Правилам, в заголовке слово "месяц" заменить словом "квартал";

      3) в  приложении к указанному постановлению:
      в графе "Ставка пошлины (в долларах за 1000 кг)" цифры "83,3", "55,5" заменить цифрами "123,3", "82,2".

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в двухнедельный срок уведомить Секретариат Интеграционного Комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах регулирования внешнеторговой деятельности.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении тридцати календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан