Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң (бұдан әрі - бағалар мониторингі) қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2008.01.28 N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1234, 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
3-1. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;
2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
3-2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.21 N 480 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен..
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 15 қарашадағы
N 1036 қаулысына
қосымша
Мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету
бажы ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.31 № 1739 қаулысымен (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзіледi); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.07 № 1162 (қолданысқа енгiзілу тәртібін 3-т. қараңыз); 02.04.2013 N 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi |
Тауардың қысқаша атауы* |
Баж ставкасы |
2709 00 900 9 |
Шикi мұнай |
60 |
2710 12 110 0 - |
Жеңiл дистилляттар және өнiмдер |
168,88 |
2710 19 110 0 - |
Орташа дистилляттар: қайта өңдеудiң ерекше процестерi үшiн; 2710 19 110 0 кiшi қосалқы позицияда көрсетiлгендерден басқа, процестердегi химиялық түрлендiрулер үшiн; өзге де мақсаттар үшiн |
|
2710 19 420 0 - |
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
|
2710 19 510 1, |
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
|
2710 19 620 1 - |
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
112,59 |
2713 20 000 0 - |
Мұнай битумы |
112,59 |
2710 19 310 0 - |
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
112,59 |
Ескертпе:
* кедендiк әкету бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген;
** жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан аралығы кезеңiнен басқа;
*** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа;
**** жыл сайын 15 сәуiр - 15 тамыз аралығы кезеңiнен басқа.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 15 қазандағы
N 1036 қаулысымен
бекітілген
Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24. N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
1. Осы Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
3. Кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар ай сайынғы мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.28. N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден әкету баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі.
Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда, сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк әкету бажы ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi;
К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
7-1. Осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.
Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. N 1685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.24. N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қаулысымен.
Мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік әкету бажы ставкаларын
eceптеу ережесiне 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.31 № 1739 Қаулыларымен.
Мұнайдан әзiрленген тауарлардың тiзбесi
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi |
Тауардың қысқаша атауы* |
2710 12 110 0 - |
Жеңiл дистилляттар және өнiмдер |
2710 19 110 0 - |
Орташа дистилляттар: қайта |
2710 19 310 0 - |
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 1, |
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
2713 20 000 0 - |
Мұнай битумы |
Ескертпе:
* кедендiк әкету бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшiн келтiрiлген;
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
Мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік әкету бажы ставкаларын
eceптеу ережесiне 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгеріс
енгізілді - 2008.01.28 N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен
бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан
қараңыз), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан
қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.
қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.
қараңыз) Қаулыларымен.
200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған
бағалар мониторингiнiң нәтижелерi
Күні |
URALS |
C ю |
BRENT |
C б |
C |
||
min |
max |
min |
max |
||||
Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
URALS (MED) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгi нарықтық бағасы;
URALS (MED) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгi нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (С ю + С б )/2=____АҚШ доллары,
мұнда,
С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С ю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық
бағасы;
С б - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С 1 +...+ С n )/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда,
Ц - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн____АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн____АҚШ долларын құрады.
Мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік әкету бажы ставкаларын
eceптеу ережесiне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.31 № 1739 Қаулыларымен.
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi |
Түзету коэффициентi |
К |
2710 12 110 0 - |
1,2 |
0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225 |
2710 19 110 0 - |
||
2710 19 420 0 - |
||
2710 19 510 1, |
||
2710 19 620 1 - |
0,8 |
0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15 |
2710 19 310 0 - |
0,8 |
0,5х(0,35+0,4)/2x0,8 = 0,15 |
2713 20 000 0 - |
0,8 |
0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15 |
Ескертпе:
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
Қазақстан Республикасының
кедендік аумағынан
әкетілетін шикі мұнай мен
мұнайдан жасалған
тауарларға кедендік баж
ставкаларын есептеу ережесіне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.