Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 79 Қаулысы

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі мемлекетаралық электр берілісі желілері бойынша өткізілген электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу туралы" Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 2006 жылғы 24 қарашада Минск қаласында жасалған шешімін іске асыру және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақыт ретінде орташа еуропалық уақыт (Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об установлении единого времени для снятия показаний с приборов учета электрической энергии, для целей коммерческого учета электроэнергии в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года N 79

      В целях реализации Решения Совета глав правительств государств-участников Содружества Независимых Государств "Об установлении единого времени для снятия показаний с приборов учета электрической энергии, перемещенной по межгосударственным линиям электропередачи в государствах-участниках Содружества Независимых Государств", совершенного в городе Минске 24 ноября 2006 года, и установления единого времени для снятия показаний с приборов учета электрической энергии, для целей коммерческого учета электроэнергии в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить с 1 января 2008 года среднеевропейское время (время меридиана Гринвича плюс один час) в качестве единого времени для снятия показаний с приборов учета электрической энергии, для целей коммерческого учета электроэнергии в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан.

      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан и Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий в срок до 15 февраля 2008 года привести в соответствие с настоящим постановлением ранее принятые нормативные правовые акты.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан