Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.30 N 997 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.30 N 997 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 504-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 80 қаулысымен 
бекітілген    

Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және
өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.30 N 997 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 80 қаулысымен
бекітілген   

Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.30 N 997 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) мыналарды:
      оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
      қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi немесе алаңдарды;
      түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
      сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
      өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды;
      белгiленген тәртiппен тiркелген кемiнде 50 %-ы электромагниттiк шайбалармен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс жүк көтергiштiгi кемiнде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі жүк көтергiш жабдықты;
      қара металдардың сынығын отпен кесуге арналған жабдықты, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды;
      қара металдардың жеңiл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престердi, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды;
      олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдарын);
      салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы қоршалған өндiрiстiк база;
      2) қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiк;
      3) мынадай мөлшерлерде:
      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi;
      4) заңды тұлғаның басшысы бекiткен түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулық;
      5) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткен бiлiктi персонал (краншылар, престеушiлер, газбен кесушiлер, пиротехниктер, дозиметршiлер).
      2. 1-тармақта көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады.
      3. Мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы, қоршалған және санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:
      1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;
      2) олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары);
      3) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша;
      4) кемiнде 200 ш.м алаң.
      4. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегi электротехникалық, өнеркәсiптiк, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желiсiнiң кәбiлдерiнен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темiр жол төсемi мен жылжымалы құрам элементтерiнен, кәрiз люктерiнiң қақпақтарынан басқа, түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.
      5. Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды.
      Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2008 года № 80. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 1796

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2012 № 1796 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 30.07.2012 № 997 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 30.07.2012 № 997 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1203 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 47, ст. 504).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня с момента первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены           
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 31 января 2008 года № 80  

Правила
лицензирования деятельности по сбору (заготовке), хранению,
переработке и реализации юридическими лицами
лома и отходов цветных и черных металлов

      Сноска. Правило утратило силу постановлением Правительства РК от 30.07.2012 № 997 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 января 2008 года № 80

Квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по сбору (заготовке), хранению,
переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов
цветных и черных металлов

      Сноска. Квалификационные требования в редакции постановления Правительства РК от 30.07.2012 № 997 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      1. Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов, включают наличие:
      1) специализированной производственной базы на праве собственности, огороженной и включающей:
      место для хранения баллонов с кислородом и пропаном;
      контейнер или площадку для раздельного хранения лома и отходов черных и цветных металлов и сплавов по группам, видам, маркам и сортам;
      закрытое помещение либо заасфальтированное или имеющее твердое покрытие место для сбора (заготовки), хранения и переработки лома и отходов цветных и черных металлов;
      специальную площадку или производственное помещение с оборудованием и инструментами для сортировки, резки и пакетирования лома и отходов цветных и черных металлов;
      хранилище для взрывоопасного лома и отходов цветных и черных металлов, оснащенное средствами пожаротушения;
      служебное помещение для размещения работающего персонала;
      зарегистрированное в установленном порядке стационарное или мобильное грузоподъемное оборудование, находящееся на праве собственности или ином законном основании, грузоподъемностью не менее 5 тонн, не менее 50 % которого должно быть оснащено электромагнитными шайбами либо грейферными захватами;
      оборудование для огневой резки лома черных металлов, в том числе сосуды, работающие под давлением;
      прессы для пакетирования легковесного лома черных металлов, гидроножницы, установки для сортировки и дробления стружки;
      средства измерений (автомобильные или железнодорожные весы и другие средства измерений) с сертификатами об их поверке;
      дозиметрическое или радиометрическое оборудование для измерения уровня радиации лома и отходов цветных и черных металлов с сертификатами об их поверке;
      2) автотранспорта (грузового), находящегося на праве собственности или ином законном основании, для перевозки лома и отходов цветных и черных металлов;
      3) земельного участка либо его доли с подъездными путями для автотранспорта и/или подъездными железнодорожными путями-тупиками на праве собственности или аренды следующих размеров:
      для работы с ломом и отходами цветных металлов - не менее 400 кв. м;
      для работы с ломом и отходами черных металлов - не менее 1000 кв. м;
      4) инструкции по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, утвержденной руководителем юридического лица;
      5) квалифицированного персонала (крановщик, прессовщик, газорезчик, пиротехник, дозиметрист), прошедшего специальную подготовку для работы с используемым оборудованием.
      2. Требования, указанные в пункте 1, также предъявляются при открытии филиала, осуществляющего деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов.
      3. В случае открытия приемного пункта, находящегося на праве собственности или ином законном основании, огороженного и территориально расположенного в ином месте от специализированной производственной базы, требуется наличие:
      1) помещения, приспособленного для работы с наличными деньгами (сейф или специально оборудованная касса, средства связи, контрольно-кассовый аппарат с фискальной памятью);
      2) средств измерений (автомобильные или железнодорожные весы и другие средства измерений) с сертификатами об их поверке;
      3) вывески с указанием принадлежности приемного пункта юридическому лицу, номера и даты выдачи лицензии, режима работы;
      4) площади не менее 200 кв. м.
      4. Юридические лица, имеющие лицензию, имеют право принимать лом и отходы цветных и черных металлов у физических лиц, кроме лома электротехнического, промышленного, военного и ракетно-космического происхождения, кабелей линий связи, рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава, бывших в употреблении, крышек канализационных люков.
      5. Настоящие квалификационные требования не распространяются на деятельность по реализации лома и отходов цветных и черных металлов, образовавшихся у юридических лиц в ходе собственного производства и в результате приобретения имущественного комплекса, в составе которого находились лом и/или отходы цветных и/или черных металлов.
      Такие юридические лица реализуют лом и отходы цветных и черных металлов только юридическим лицам, имеющим лицензию на сбор (заготовку), хранение, переработку и реализацию лома и отходов цветных и черных металлов в Республике Казахстан.