Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.31.  N 80  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

        Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1203 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiне лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстiк базаның (меншiк құқығында);
      2) кәсiпорындар мен ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшiн автокөлiктiң (жүк автомобильдерi мен басқа да автокөлiк) (меншiк құқығында);
      3) аудиторлық ұйым растаған кемiнде 80000 (сексен мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi қысқа мерзiмдi активтердiң;
      4) мынадай мөлшерде:
      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м;
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жер учаскелерiнiң (меншiк және/немесе ұзақ мерзiмдi жалға алу құқығында);
      5) заңды тұлғаның басшысы бекiтетiн түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулықтың; 
      6) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi органның түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату шарттары бойынша зерттеу актiсiнiң;
      7) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы дайындықтан өткен бiлiктi персоналдың (шығыраншылар, пресшiлер, газбен кесушiлер) болуын қамтиды.
      2. Мамандандырылған өндiрiстiк база мыналарды: 
      1) оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
      2) қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi немесе алаңдарды;
      3) түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды; 
      4) сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
      5) өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
      6) персоналды орналастыруға арналған жеке үй-жай(лар)ды; 
      7) көтеру құрылғыларын пайдалануға лицензия болған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген кемiнде 50 %-ы электромагниттiк шайбалармен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс жүк көтергiштiгi кемiнде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдықты; 
      3) қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалануға арналған лицензиясы болған кезде қара металдардың сынығын оттық кесуге арналған жабдықты, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды; 
      9) қара металдардың жеңiл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престердi, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды;
      10) олардың салыстырып тексерiлгенi туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген өлшем құралдарын (автомобиль және/немесе темiр жол таразылары) мен басқа да метрологиялық жабдықты;
      11) салыстырып тексерiлгенi туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк және радиометрлiк жабдықты қамтиды.
      3. Оларды металлургия пештерiнде қайта балқыту жолымен түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеу үшiн заңды тұлғаларда осы бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағында көрсетiлген талаптарға қосымша мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн өнiмдi дайындаудың технологиялық регламентi;
      2) өнеркәсiптiк, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiлген және заңды тұлғаның басшысы бекiткен қайталама металдарды қайта өңдеу жөнiндегi цехтың жұмыс жобасы, қорыту пешiне арналған техникалық құжаттама болуға тиiс.
      4. Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндiрiстiк базасының бiр бөлiгi болып табылатын, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе филиалдың тiркелген орны бойынша өңiрдiң өзге жерiнде аумақтық орналасқан учаскенiң қызметi үшiн 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетiлген талаптар қойылады.
      5. Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндiрiстiк базасының бiр бөлiгi болып табылатын, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның не филиалдың тiркеу орны бойынша өңiрдiң өзге жерiнде аумақтың орналасқан қабылдау пунктiнiң қызметi үшiн мыналардың:
      1) қолма-қол ақшамен жұмыс iстеуге ыңғайластырылған үй-жайдың (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары фискалдық жады бар бақылау-кассалық аппарат);
      2) салыстырып тексерiлгенi туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген таразы шаруашылығының;
      3) қабылдау пунктiнiң лицензиатқа тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың (нотариус куәландыратын лицензия көшiрмесi);
      4) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша жазулардың;
      5) кемiнде 200 ш.м алаңның болуы талап етiледi.
      Пункт тұрғын үй мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз арақашықтықта орналасуы және өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес қоршалған, қорғалатын және оқшауланған болуы тиiс.
      6. Бөлiнбеген қорғасын аккумулятор батареяларын жинауға (дайындауға) және сатуға арналған лицензияны алуға үмiткер заңды тұлғаларда мыналар:
      1) бөлiнбеген қорғасын аккумулятор батареяларын қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайлар;
      2) бөлiнбеген қорғасын аккумулятор батареяларын тиеп жөнелтуге арналған алаң;
      3) жеке қорғануға қажеттi құралдар;
      4) оларды қабылдау мен қайта өңдеушiге тиеп жөнелтудi қоспағанда, батареялармен ешқандай да операциялар жүргiзбеуге лицензиардың алдындағы жазбаша мiндеттемесi болуға тиiс.
      7. Лицензиат түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын лицензияда және/немесе оған қосымшада көрсетiлген заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) өндiрiстiк базасының аумағынан, учаскесiнен ғана тиеп жөнелтудi жүзеге асырады.
      8. Жеке тұлғалар пайдалануда болған электротехникалық, өнеркәсiптiк, әскери және зымыран-ғарыш түрiндегi сынықтан, байланыс желiсi кәбiлдерiнен, рельстерден, темiр жол төсемiнiң және жылжымалы құрамның элементтерiнен басқа, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тапсыра алады.
      9. Филиалдар (өкiлдiктер) ашылған жағдайда лицензиат олардың осы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      10. Осы бiлiктiлiк талаптары өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металдардың сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде заңды тұлғаларда пайда болған түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату жөнiндегi қызметке қолданылмайды.
      Бұл заңды тұлғалар түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металдарды жинауға (дайындауға), сақтау, қайта өңдеу және сатуға қолданыстағы лицензиясы бар кәсiпорындарға ғана сатады.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2006 жылғы 14 желтоқсандағы  
N 1203 қаулысына      
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қайталама түстi және қара металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 20 наурыздағы N 372  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 122-құжат). 

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1294  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 540-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 маусымдағы N 691  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 326-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1370  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 651-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 сәуiрдегі N 340  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 15, 148-құжат).   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады