Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы N 1 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" деген сөздер "Жоғарғы Сотының" деген сөздермен, "қаулысы" деген сөз "нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі:
"Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;
3) 2-тармақта:
екінші абзацтағы: ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алып тасталып, "конституциялық заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Конституциялық заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақтың үшінші абзацындағы "1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 4-бабымен бекітілген" деген сөздер алып тасталып, "Тараптардың" деген сөз бас әріппен жазылсын;
5) 5-тармақ алып тасталсын;
6) 6-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 5-бабы 4-тармағына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал жасауы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қарастырылған жауаптылыққа әкеп соғады.";
8) 9-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 185-1-бабы 1-тармағы бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "судьяның" деген сөзден кейін "және (немесе) алқабидің" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
9) 10-тармақта:
екінші абзацтағы "Кассациялық және бақылау" деген сөздер "Апелляциялық және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 541-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрмет көрсетпеушілік фактілері туралы әкімшілік істерді сот талқылауына төрағалық етуші судья Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 327-бабының бірінші бөлігінде, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 179-бабында және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабында көзделген тәртіппен қарайтындығына соттардың назары аударылсын.";
10) 11-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 52-бабында " деген сөздер "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабында " деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген өрескел заң бұзушылыққа жол берiлмесе, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес, сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту өздiгiнен судьяның жауаптылығына әкеліп соқпайды.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |