2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1738 (2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
N 180 қаулысымен
бекітілген
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды
тұлғаларды ұстауға арналған
шығыстар сметасы
Ескерту. Шығыстар сметасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 211 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Шығыстардың атауы |
Шығыстардың сомасы |
1. |
Жалақы: |
99000 |
2. |
Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу: |
42000 |
Барлығы |
141000 |