Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 211 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды
тұлғаларды ұстауға арналған
шығыстар сметасы
Р/с |
Шығыстардың атауы |
Шығыстардың сомасы |
1. |
Жалақы: |
99000 |
2. |
Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу: |
42000 |
Барлығы |
141000 |