Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 181 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына  және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысында туындаған шиеленіскен төтенше жағдайды жою үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 2009 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2008 года N 181

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год" и  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, 500 000 000 (пятьсот миллионов) тенге в виде целевых трансфертов областному бюджету Южно-Казахстанской области для ликвидации сложившейся критической чрезвычайной ситуации.

      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      3. Акиму Южно-Казахстанской области в срок до 10 января 2009 года представить в Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан отчет по целевому использованию выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан