"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысында туындаған шиеленіскен төтенше жағдайды жою үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.