"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Занының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 ақпандағы N 183 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.01.15. N 8 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 12, 20-құжаттар; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат;№N 12, 88-құжат; N 14, 102-құжат; N 18, 144-құжат; 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы ; 2007 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Заңы ):
      234-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:
      екінші абзацта:
      "жинақтаушы заттар" деген сөздер "жабдықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "импорт" деген сөздің алдынан "; осы тармақшада көрсетілген жабдыққа жинақтаушылар." деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтағы "тауарлардың" деген сөзден кейін "және жабдықтардың" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 тамыздағы Заңы ):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі;
      2) әскери қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі;
      3) биологиялық агент - биологиялық белсенді қосылыс, микроорганизм, бактерия, вирус, хламидия, риккетсия, қарапайым микроорганизм, саңырауқұлақ, микоплазм, генді-инженерлік-түрлендірілген микроорганизм, биологиялық туынды у, токсин, гельминт, сондай-ақ олар құрамында бар кез келген объект және материал;
      4) биологиялық қауіпсіздік - биологиялық агенттерді пайдалануға байланысты қызметтен немесе процесстерден туындайтын жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің және қоршаған ортаның қорғалған жай-күйі;
      5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік) - елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі;
      6) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері (бұдан әрі - ұлттық мүдделер) - іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамы құндылықтарын, негіз құрайтын мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы;
      7) қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығының және игілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіруге қабілетті ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік қорғалуы;
      8) стратегиялық дәрілік препараттар - мынадай ауруларды емдеуге және олардың алдын алуға арналған дәрілік препараттар:
      халық арасындағы аурулар немесе өлім деңгейін айтарлықтай арттыруға қабілетті биологиялық агенттермен туындаған;
      төтенше жағдайлар туындауының нәтижесінде пайда болған;
      9) сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі;
      10) Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы;
      11) ұлттық қауіпсіздік объектілері - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздік және аумақтық тұтастық;
      12) ұлттық қауіпсіздік субъектілері - өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар және ұйымдар;
      13) ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз құрайтын мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі;
      14) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі;
      15) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының оның орнықты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі.";
      2) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
      "21-1-бап. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      1. Биологиялық қауіпсіздік:
      1) жұқпалы аурулардың кенеттен таралуының туындауын, биологиялық агенттерді террористік қолдануды болдырмау, алдын алу, қауіп төнуінің алдын алу;
      2) Қазақстан Республикасына биологиялық агенттерді бақылаусыз әкелуге жол бермеуге бағытталған, мемлекеттік органдардың меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, лауазымды және жеке тұлғалардың шешімдерімен, іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
      2. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары:
      1) биологиялық агенттердің әкелуіне бақылауды жүзеге асыру;
      2) инфекциялардың трансшекаралық көші-қонына байланысты процестерді бақылауды және мониторингін жүргізуді жүзеге асыру;
      3) стратегиялық дәрілік препараттардың отандық өндірісін дамытуға жәрдемдесу.
      3. Биологиялық агенттер әлеуетті қауіптер дәрежесіне орай тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қауіп-қатер топтарына жіктеледі.
      Биологиялық агенттердің жіктемесі жұқпалы аурулардың трансшекаралық көші-қонына байланысты үдерістерге мониторингті жүзеге асыру, санитарлық-эпидемиологиялық, клиникалық-диагностикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да мақсаттарды жүргізудің әдістемесі мен қауіпсіздік техникасын регламенттейтін нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін қолданылады.".
      3. "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы ; 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы ):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 37-1), 46-1), 56-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "37-1) индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган - фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту бағыттарын пысықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      46-1) медициналық өнеркәсіп - медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі заңды, жеке тұлғалардың қызметі;
      56-1) фармацевтикалық өнеркәсіп - дәрілік құралдарды, оларға теңестірілген медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, өндіру жөніндегі заңды, жеке тұлғалардың қызметі;";
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) стратегиялық дәрілік препараттардың тізбесін бекітеді.";
      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      6-1-бап. Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның құзыреті
      Индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган:
      1) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады;
      2) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың бағыттарын әзірлейді;
      3) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге бастамашылық етеді;
      4) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға бастамашылық етеді, әзірлейді, бекітеді.";
      4) 7-баптың 23) тармақшасындағы ", сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінің технологиялық регламенттерін келіседі" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Дәрілік препараттар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен дәрілік субстанциялардан дайындалады.
      Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік препараттар өндіруге арналған дәрілік субстанциялар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жатпайды.";
      6) 22-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "алынған дәрілік заттарды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дәрілік препараттарын өндіруге арналған дәрілік субстанциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 28-баптың 2-тармағын "Қазақстан Республикасында" деген сөздердің алдынан "Дәрілік препараттарды өндіруге арналған дәрілік субстанцияларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын".
      2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам фармацевтической и медицинской промышленности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2008 года N 183

        Сноска. Проект Закона отозван из Мажилиса Парламента РК  - постановление Правительства РК от 15 января 2009 года N 8 .

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам фармацевтической и медицинской промышленности".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

Закон Республики Казахстан
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты
Республики Казахстан по вопросам фармацевтической
и медицинской промышленности

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; 2002 г., N 6, ст. 73, 75; N 19-20, ст. 171; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 15, ст. 133, 139; N 21-22, ст. 160; N 24, ст. 178; 2004 г., N 5, ст. 30; N 14, ст. 82; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; N 24, ст. 153; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4, 5; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, 46; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 77, 79; N 13, ст. 85; N 16, ст. 97, 98, 103; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 16, 18;  N 3, ст. 12, 20; N 4, ст. 33; N 5-6, ст. 37, 40; N 9, ст. 67; N 10, ст. 69; N 12, ст. 88; N 14, ст. 102; N 18, ст. 144; Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам образования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 августа 2007 г.; Закон Республики Казахстан от 19 декабря 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения и труда", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 27 декабря 2007 г.):
      в подпункте 7) пункта 1 статьи 234:
      в абзаце втором:
      слово "комплектующих" заменить словом "оборудования";
      дополнить словами "; комплектующих к указанному в настоящем подпункте оборудованию.";
      в абзаце третьем после слова "товаров" дополнить словами "и оборудования".
      2. В Закон Республики Казахстан от 26 июня 1998 г. "О национальной безопасности Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 11-12, ст. 173; 2000 г., N 5, ст. 115; 2004 г., N 14, ст. 82; N 23, ст. 142; 2005 г., N 16, ст. 70; 2007 г., N 1, ст. 4; Закон Республики Казахстан от 7 августа 2007 г. "О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения интересов государства в сфере экономики", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 16 августа 2007 г.):
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) информационная безопасность - состояние защищенности государственных информационных ресурсов, а также прав личности и интересов общества в информационной сфере;
      2) военная безопасность - состояние защищенности Республики Казахстан от реальных и потенциальных угроз и посягательств военного характера на независимость и территориальную целостность страны;
      3) биологический агент - биологически активное соединение, микроорганизм, бактерия, вирус, хламидия, риккетсия, простейшая, гриб, микоплазм, генно-инженерно-модифицированный микроорганизм, яд биологического происхождения, токсин, гельминт, а также любой объект и материал, их содержащий;
      4) биологическая безопасность - состояние защищенности личности, общества, государства и окружающей среды от угроз, возникающих от деятельности или процессов, связанных с использованием, участием биологических агентов;
      5) национальная безопасность Республики Казахстан (далее - национальная безопасность) - состояние защищенности национальных интересов страны от реальных и потенциальных угроз;
      6) национальные интересы Республики Казахстан (далее - национальные интересы) - совокупность политических, экономических, социальных и других потребностей Республики Казахстан, от реализации которых зависит способность государства обеспечивать защиту конституционных прав человека и гражданина, ценностей казахстанского общества, основополагающих государственных институтов;
      7) общественная безопасность - политико-правовая, духовно-нравственная, социальная защищенность жизни, здоровья и благополучия граждан Казахстана, а также ценностей казахстанского общества от возможных опасностей и угроз, способных нанести им ущерб;
      8) стратегические лекарственные препараты - лекарственные препараты, предназначенные для лечения и профилактики заболеваний:
      вызванных биологическими агентами, способными значительно повысить уровень заболеваемости или смертности среди населения;
      явившихся результатом возникновения чрезвычайных ситуаций;
      9) внешняя безопасность - состояние защищенности национальных интересов Республики Казахстан от угроз, исходящих со стороны иностранных государств, организаций и граждан;
      10) угрозы национальной безопасности - совокупность условий, процессов и факторов, препятствующих реализации национальных интересов или создающих им опасность;
      11) объекты национальной безопасности - личность, ее права и свободы, общество, его материальные и духовные ценности, государство, его конституционный строй, независимость и территориальная целостность;
      12) субъекты национальной безопасности - государство, осуществляющее свои полномочия через органы законодательной, исполнительной и судебной ветвей власти, граждане и организации;
      13) концепция национальной безопасности - официально принятая система взглядов и мер по обеспечению защиты конституционных прав личности и граждан, ценностей казахстанского общества, основополагающих государственных институтов;
      14) экологическая безопасность - состояние защищенности жизненно важных интересов и прав личности, общества и государства от угроз, возникающих в результате антропогенных и природных воздействий на окружающую среду;
      15) экономическая безопасность - состояние защищенности национальной экономики Республики Казахстан от внутренних и внешних условий, процессов и факторов, ставящих под угрозу ее устойчивое развитие и экономическую независимость.";
      2) дополнить статьей 21-1 следующего содержания:
      "Статья 21-1. Обеспечение биологической безопасности
      1. Биологическая безопасность обеспечивается решениями, действиями государственных органов, организаций, независимо от форм собственности, должностных и физических лиц, направленными на:
      1) предотвращение, предупреждение, профилактику угроз возникновения вспышек инфекционных заболеваний, террористического применения биологических агентов;
      2) недопущение неконтролируемого ввоза в Республику Казахстан биологических агентов.
      2. Меры обеспечения биологической безопасности:
      1) осуществление контроля за ввозом биологических агентов;
      2) осуществление контроля и проведение мониторинга за процессами, связанными с трансграничной миграцией инфекций;
      3) содействие развитию отечественного производства стратегических лекарственных препаратов.
      3. Биологические агенты в зависимости от степени потенциальной угрозы классифицируются на группы риска, перечень которых утверждается Правительством Республики Казахстан.
      Классификация биологических агентов применяется для осуществления мониторинга за процессами, связанными с трансграничной миграцией инфекций, разработки нормативных документов и нормативных правовых актов, регламентирующих методики и технику безопасности проведения санитарно-эпидемиологических, клинико-диагностических, научно-исследовательских и производственных работ, а также других, не запрещенных законодательством Республики Казахстан, целей.".
      3. В Закон Республики Казахстан от 13 января 2004 г. "О лекарственных средствах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 2, ст. 8; N 23, ст. 142; 2006 г., N 3, ст. 22; N 15, ст. 92; N 24, ст. 148; 2007 г., N 2, ст. 18; Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам модернизации системы государственного управления", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 10 августа 2007 г.; Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам образования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 августа 2007 г.):
      1) статью 1 дополнить подпунктами 37-1), 46-1), 56-1) следующего содержания:
      "37-1) уполномоченный орган в области индустриального развития - государственный орган, осуществляющий функции по выработке направлений развития фармацевтической и медицинской промышленности;
      46-1) медицинская промышленность - деятельность юридических, физических лиц по производству медицинской техники, изделий медицинского назначения;
      56-1) фармацевтическая промышленность - деятельность юридических, физических лиц по производству лекарственных средств за исключением приравненных к ним медицинской техники и изделий медицинского назначения;";
      2) статью 6 дополнить подпунктом 22) следующего содержания:
      "22) утверждает перечень стратегических лекарственных препаратов.";
      3) дополнить статьей 6-1 следующего содержания:
      "Статья 6-1. Компетенция уполномоченного органа
                   в области индустриального развития
      Уполномоченный орган в области индустриального развития:
      1) реализует государственную политику развития фармацевтической и медицинской промышленности;
      2) разрабатывает направления развития фармацевтической и медицинской промышленности;
      3) инициирует разработку государственных программ по развитию фармацевтической и медицинской промышленности;
      4) инициирует, разрабатывает, утверждает нормативные правовые акты и нормативные документы по реализации государственной политики развития фармацевтической и медицинской промышленности.";
      4) в подпункте 23) статьи 7 слова ", а также согласовывает технологические регламенты производства лекарственных средств" исключить;
      5) пункт 5 статьи 12 изложить в следующей редакции:
      "5. Лекарственные препараты изготавливаются из лекарственной субстанции, прошедшей государственную регистрацию в Республике Казахстан.
      Лекарственные субстанции, предназначенные для производства лекарственных препаратов на территории Республики Казахстан, не подлежат государственной регистрации в Республике Казахстан.";
      6) подпункт 1) пункта 2 статьи 22 дополнить словами ", а также лекарственных субстанций, предназначенных для производства лекарственных препаратов";
      7) пункт 2 статьи 28 дополнить словами ", за исключением лекарственных субстанций, предназначенных для производства лекарственных препаратов".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования за исключением пункта 1 статьи 1 настоящего Закона, который вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Президент
      Республики Казахстан