Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашада
Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге
қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық
кепілдіктер туралы конвенцияға қосылуы туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға қосылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев