"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 250 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашада
Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге
қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық
кепілдіктер туралы конвенцияға қосылуы туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қойылған Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға қосылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады