Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.03.31. N 436 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі арасындағы Халықаралық әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының
Үкіметі арасындағы Халықаралық әуе қатынасы туралы
келісімді ратификациялау туралы
2006 жылғы 22 желтоқсанда Гонконгта қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі арасындағы Халықаралық әуе қатынасы туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы
Үкіметінің арасындағы халықаралық әуе қатынасы
туралы келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы Үкіметі (бұдан әрі - Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы), Қазақстан Республикасы мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы арасында және олардан тыс жерлерде әуе қатынасы шеңберін қамтамасыз ету мақсатында осы Келісім жасасуға тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
(1) Егер контекстен өзгеше туындамаса ғана осы Келісімнің мақсаттары үшін:
(а) "Конвенция" термині Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшін ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны білдіреді және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез келген қосымшаны және осы қосымшалар мен түзетулерді екі Тарап қабылдаған болса, Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетуді қамтиды;
(b) "авиациялық билік орындары" термині Қазақстан Республикасына қатысты Көлік және коммуникация министрлігін, ал Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданына қатысты Азаматтық авиация директорын немесе екі жағдайда да осы кезде жоғарыда көрсетілген билік орындары орындайтын функцияларды немесе ұқсас функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті кез келген тұлғаны немесе органды білдіреді;
(с) "тағайындалған авиакәсіпорын" термині осы Келісімнің 4-бабына сәйкес тағайындалған және уәкілеттендірілген авиакәсіпорынды білдіреді;
(d) "аумақ" термині Қазақстан Республикасына және Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданына қатысты Гонконг аралын, Коулунды және Жаңа Аумақтарды қоса алғанда, Конвенцияның 2-бабында көрсетілген "аумақ" мағынасына ие;
(е) "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсіпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдері Конвенцияның 96-бабында көрсетілген маңызға ие;
(f) "алым ставкасы" термині әуежайдың меншігін немесе аэронавигациялық құралдарды, оларға жататын қызметтерді және әуе кемелеріне арналған жабдықты пайдаланғаны үшін құзыретті органдар авиакәсіпорындардан, олардың экипаждарынан, жолаушылардан және жүктерден өндіріп алатын немесе олар өндіріп алуға рұқсат берген алымды білдіреді;
(g) "сыйымдылық" термині келесіні білдіреді:
(і) әуе кемесіне қатысты орын санын және/немесе осы әуе кемесіне барынша сиятын жүкті білдіреді;
(іі) белгіленген әуе қатынасына қатысты осы әуе қатынасында пайдаланылатын әуе кемесі тасымалдауы көлемінің белгіленген бағдарғыда немесе оның бөлігінде белгілі уақыт кезеңінде осы әуе кемесі орындайтын ұшулар санының жиілігіне көбейтіндісін білдіреді;
(һ) "Келісім" термині осы Келісімді, оған қосымшаны және қосымшаға немесе осы Келісімге кез келген түзетулерді білдіреді.
2-бап
Халықаралық әуе қатынасына қатысты қолданылатын Чикаго конвенциясының ережелері
Осы Келісімді орындаған кезде Тараптар осы ережелерді халықаралық әуе қатынасына қатысты қолдану мүмкіндігіне қарай осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, Конвенцияның қосымшаларын қоса алғанда, іс әрекет етеді.
3-бап
Құқықтар беру
(1) Әрбір Тарап екінші Тарапқа оның халықаралық әуе қатынасына қатысты мынадай құқықтарды береді:
(а) оның аумағы арқылы қонусыз ұшып өту құқығын;
(б) оның аумағында коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығын;
(2) Әрбір Тарап екінші Тарапқа осы Келісімге қосымшаның тиісті бөлігінде көрсетілген бағдарғылар бойынша халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыру мақсатында осы Келісімде көрсетілген құқықтарды ұсынады. Осындай қатынастар мен бағдарғылар бұдан әрі тиісінше "келісілген желілер" және "белгіленген бағдарғылар" деп аталады. Белгіленген бағдарғылар бойынша келісілген желілерді пайдалану кезінде әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары, осы баптың 1-тармағында көрсетілген құқықтарға қосымша, осы Келісімнің қосымшасына сәйкес осы бағдарғы үшін белгіленген екінші Тараптың аумағындағы пунктерде жолаушыларды, багажды және жүкті, поштаны қоса алғанда тиеу және түсіру мақсатында бөлек немесе бірге қону құқығын пайдаланады.
(3) Осы баптың 2-тармағында ешнәрсе де бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына екінші Тарап аумағында осы екінші Тарап аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға жататын жолаушыларды, багажды және жүкті, поштаны қоса алғанда жалдау шартымен немесе сыйақы үшін бортқа алуына құқық береді деп қаралмайтын болады.
(4) Егер әскери шиеленіс, саяси толқулар немесе оқиғалар, немесе ерекше және төтенше жағдайларда Тараптардың бірінің тағайындалған авиакәсіпорыны немесе авиакәсіпорындары желілерді өздерінің қалыпты бағдарлары бойынша пайдалана алмаса, онда екінші Тарап осындай желінің уақытша өзгертілген тиісті бағдарғылар бойынша пайдалануын жалғастыруға септігін тигізу үшін бар күшін салатын болады.
4-бап
Авиакәсіпорындарды тағайындау және рұқсат алу
(1) Әрбір Тарап жазбаша түрде белгіленген бағдарғылар бойынша келісілген желілерді пайдалану мақсатында екінші Тарапқа хабарлап, бір немесе бірнеше авиакомпанияны тағайындауға және осындай тағайындауларды жоюға немесе өзгертуге құқылы.
(2) Осындай тағайындауды алғаннан кейін екінші Тарап осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелеріне сәйкес тағайындалған авиакәсіпорынға немесе авиакәсіпорындарға ұшуларды орындауға тиісті рұқсатты кідіріссіз береді.
(3) (а) Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары осы баптың 2-тармағында аталған ұшуларды орындауға рұқсаттарды беруден бас тартуға немесе осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген құқықтарды тағайындалған авиакәсіпорыны пайдаланған кезде, ол авиакәсіпорынның Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданында тіркелгеніне және оның негізгі қызметі сонда орналасқанына қанағаттанбаған кез келген жағдайда қажет деп тапқан шарттардың орындалуын талап етуге құқылы.
(б) Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының авиациялық билік орындары осы баптың 2-тармағында аталған ұшуларды орындауға рұқсаттарды беруден бас тартуға немесе осы Келісімнің 3-бабынан 2-тармағында көрсетілген құқықтарды тағайындалған авиакәсіпорындар пайдаланған кезде, осы авиакәсіпорынды басым иелену және пәрменді бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі екендігіне дәлелдемелері болмаған кез келген жағдайда қажет деп тапқан шарттардың орындалуын талап етуге құқылы.
(4) Бір Тараптың авиациялық билік орындары екінші Тарап тағайындаған авиакәсіпорыннан осындай билік орындары халықаралық әуе қатынасына қатысты және орынды қолданатын заңнамалар мен ережелерде нұсқалған шарттарды орындауға қабілетті екендігіне дәлелдемелер талап ете алады.
(5) Авиакәсіпорын осылайша тағайындалғанда және ұшулар орындауға рұқсат алғанда авиакәсіпорын осы Келісімнің тиісті ережелерін орындаған жағдайда ол келісілген желілерді пайдалануды бастай алады.
5-бап
Ұшуларды орындауға арналған рұқсаттың күшін
жою немесе уақытша тоқтату
(1) Әрбір Тараптардың авиациялық билік орындары ұшуларды орындауға арналған рұқсатты жоюға немесе осы Келісімнің 3-бабының 2-тармағында көрсетілген құқықтарды екінші Тараптың тағайындалған авиакәсіпорынның пайдалануын уақытша тоқтатуға немесе осы құқықтарды пайдалану кезінде ол қажетті деп есептейтін шарттардың мынадай жағдайларда орындалуын талап етуге құқылы:
(а) (і) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты, егер авиакәсіпорынның тіркелгені және оның негізгі қызмет орны Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданында орналасқаны туралы дәлелдемелері болмаса; немесе
(іі) Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметіне қатысты, егер осы авиакәсіпорынды басым иелену және пәрменді бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе оның азаматтарына тиесілі екендігіне дәлелдемелері болмаса;
(b) егер осы авиакәсіпорын оған осы құқықтарды ұсынатын Тараптың заңнамасы мен ережелерін сақтамаған жағдайда; немесе
(с) егер авиакәсіпорын қандай да бір себептермен осы Келісімде көзделген шарттарға сәйкес ұшуларды орындай алмайтын жағдайда болса.
(2) Егер заңнаманың бұдан әрі бұзылуын ескерту үшін осы баптың 1-тармағында аталған шарттардың орындалуын талап ету немесе жою, уақытша тоқтата тұру қажет болмаса, осындай құқық екінші Тараппен консультациядан кейін ғана пайдаланылатын болады.
6-бап
Келісілген желілерді пайдалануды реттеу қағидаттары
(1) Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары белгіленген бағдарғылар бойынша келісілген желілерді пайдаланудың әділ және тең мүмкіндіктеріне ие болады.
(2) Келісілген желілерді пайдаланған кезде әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорыны екінші Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындардың барлық бағдарғыларда немесе сол бағдарғылардың учаскелерінде орындайтын тасымалдауына зиян келтіру үшін олардың мүдделерін назарға алатын болады.
(3) Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары пайдаланатын келісілген желілер бекітілген бағдарғылардағы тасымалдауларға қоғамдық қажеттілікке сәйкес болуы тиіс және авиакәсіпорынды тағайындаған Тараптың аумағы үшін тағайындалған немесе аумақтан келетін поштаны қоса алғанда, жолаушыларды және жүк тасымалдауда қазіргі және болжамды қажеттілікке жауап бере алатын сыйымдылықты ұсыну бірінші кезектегі міндеті болуы тиіс. Авиакәсіпорынды тағайындаған Тараптың аумағында белгіленген бағдарлардағы пункттерде бортқа қабылданатын және түсірілетін жолаушыларды және жүкті, поштаны қоса алғанда, тасымалдауды қамтамасыз ету жалпы қағидаттарға сәйкес орындалады, оларға сай сыйымдылық мыналарға байланысты болады:
(а) авиакәсіпорынды тағайындаған Тараптың аумағында және аумағынан тасымалдауларға қажеттілікке;
(b) осы ауданды қамтитын мемлекеттердің авиакәсіпорындары белгілеген басқа әуе қатынасын назарға ала отырып, келісілген желі өтетін аудандағы тасымалдауларға қажеттілікке; және
(с) толассыз тасымалдауларға қажеттілікке.
(4) Белгіленген бағдарғыларда ұсынылатын сыйымдылықты Тараптардың авиациялық билік орындары мезгіл-мезгіл белгілейді.
7-бап
Тарифтер
(1) "Тариф" термині мынадай бір немесе бірнеше мағынаны білдіреді:
(а) авиакәсіпорын жолаушыларды және олардың багажын тұрақты әуе қатынасымен тасымалдағаны үшін өндіріп алатын құнды және осындай тасымалдауға арналған қосымша қызметтер үшін алымдар мен шарттарды білдіреді;
(b) авиакәсіпорын тұрақты әуе қатынасымен жүкті тасымалдау (поштаны қоспағанда) үшін өндіріп алатын баға;
(с) кез келген осындай құнның немесе ставканың қол жеткізімділігін немесе қолданылуын және сонымен байланысты кез келген пайданы реттейтін шарттар; және
(d) сатылған билеттер үшін авиакәсіпорын агентке төлейтін комиссиялық ставка және осы агент толтырған тұрақты әуе қатынасымен тасымалдауға арналған авиажүкқұжаты.
(2) Қазақстан Республикасы мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы арасында тасымалдаулар үшін Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары алатын тарифтерді екі Тараптың авиациялық билік орындары бекітеді және келісілген желілерді пайдалану құнын, тұтынушылар мүддесін, орынды пайданы және барлық бағдарғы бойынша немесе осы бағдарғының учаскесінде ұшулар орындайтын басқа авиакәсіпорынның тарифтерін қоса алғанда, барлық тиісті факторларды ескере отырып, ақылға қонымды шектерде анықталады.
(3) Осы баптың 2-тармағында аталған тарифтер Тараптардың тарифтерді бекітуді талап ететін тағайындалған авиакәсіпорындармен келісілуі мүмкін, олар тарифтер бекітуге берілгенге дейін барлық бағдарғы бойынша немесе сол бағдарғы учаскесінде ұшуларды орындайтын басқа авиакәсіпорындармен келісілуі мүмкін. Егер авиакәсіпорын басқа тағайындалған авиакәсіпорнымен осы тариф бойынша келісімге қол жеткізе алмаса немесе ешқандай да басқа тағайындалған авиакәсіпорын осы бағдарғыны пайдаланбаса, не тағайындалған авиакәсіпорын тарифті ұсынудан, не авиациялық билік орындары кез келген тарифті мақұлдаудан жалтара алмайды.
Осы және алдыңғы тармақтардағы "сол бағдарғы" деген сілтеме белгіленген бағдарғыға емес, пайдаланудағы бағдарғыға сілтемені білдіреді.
(4) Қазақстан Республикасы мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы арасындағы тасымалдауды орындау үшін ұсынылған кез келген тариф немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген түсініктемелерді орнату үшін авиациялық билік орындары талап ететін нысанда бекітуге ұмтылатын авиациялық билік орындары авиакәсіпорынмен немесе авиакәсіпорындармен тағайындалған Тараптардың авиациялық билік орындарына ұсынылады. Ұсынылған күшіне ену күннің алдынан кемінде 60 күнде (немесе уағдаласуы мүмкін тараптың авиациялық билік орындары осындай қысқа уақыт кезеңде) ұсынылуы тиіс. Ұсынылатын тариф Тараптардың авиациялық билік орындарына осы авиациялық билік орындары алынған күнінен бастап ұсынылады деп есептеледі.
(5) Кез келген ұсынылатын тарифті осы баптың (4) тармағына сәйкес ұсынылған жағдайда Тараптардың билік орындары бекітуі мүмкін және бір Тараптың авиациялық билік орындары ұсынған күннен бастап (немесе Тараптардың билік орындары келісуі мүмкін осындай қысқа кезеңде) егер тек 30 күн ішінде екінші Тараптың авиациялық билік орындарына ұсынылған тарифтердің бекітілмегені туралы жазбаша хабарлама жіберілмеген болса, Тараптардың авиациялық билік орындары бекіткен болып есептеледі.
(6) Егер осы баптың 5-тармағының ережелеріне сәйкес бекітілмеген тариф туралы хабарлама берілген болса, Тараптың авиациялық билік орындары тарифті бірлесіп белгілеуі мүмкін. Осы мақсат үшін бір Тараптың бекітпеу туралы жазбаша хабарлама берілген күннен бастап 30 күн ішінде Тараптың арасында консультация жүргізуді талап ете алады. Консультациялар екінші Тарап осындай жазбаша сұратуды алған күннен бастап 30 күн ішінде жүргізіледі.
(7) Егер осы баптың 5-тармағына сәйкес Тараптың авиациялық билік орындары тарифті бекітпеген болса және егер осы баптың 6-тармағына сәйкес Тараптардың авиациялық билік орындары бірлесіп тарифті белгілемеген болса, онда дау осы Келісімнің 15-бабының ережелеріне сәйкес реттелуі мүмкін.
(8) Осы баптың 9-тармағын сақтай отырып, осы баптың ережелеріне сәйкес белгіленген тариф ауыстырмалы тариф белгіленбегенге дейін күшінде қалады.
(9) Тараптардың авиациялық билік орындары арасындағы уағдаластықты қоспағанда, тарифтің күшіне ену мерзімі осы баптың 8-тармағының қолданысымен ұзартылмайды.
(а) егер тарифтің қолданылу мерзімі он екі (12) айдан көп болса;
(b) егер тарифтің қолданылу мерзімінің аяқталу күні болмаса, ауыстырмалы тарифті Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорнының Тарабының авиациялық билік орындары ұсынған күннен бастап он екі (12) айдан көп болса.
(10) (а) Қазақстан Республикасы мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы және үшінші мемлекет арасындағы тасымалдауды орындау үшін тағайындалған авиакәсіпорындар өндіріп алатын тарифтер, Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының авиациялық билік орындарының бекітуіне және егер қажет болса үшінші мемлекеттің билік орындарының бекітуіне жатады. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тағайындалған авиакәсіпорындары өндіріп алатын тарифтерді Қазақстан Республикасы мен үшінші мемлекет арасында тасымалдауға арналған тариф Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары және егер қажет болса, үшінші мемлекеттің билік орындары бекітуі тиіс.
(b) осындай тасымалдауға арналған кез келген ұсынылған тариф осындай тарифтің бекітілуін талап ететін бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорыны екінші Тараптың авиациялық билік орындарына ұсынады. Тариф осы баптың 1-тармағында көрсетілген түсініктемелерді орнату үшін авиациялық билік орындары талап етуі мүмкін нысанда және енгізуге ұсынылған күннің алдынан 90 күннен кем емес мерзімде (немесе олар белгілеуі мүмкін қысқа кезеңде) талап етуі мүмкін.
(с) осындай тарифті ол ұсынылған Тараптардың авиациялық билік орындары кез келген уақытта бекітуі мүмкін, егер ұсынылған күннен бастап 30 күн ішінде олар осындай тарифтің бекітілуін талап ететін тағайындалған авиакәсіпорынға бекітілмегені туралы хабарламаны жібермеген болса, олар бекіткен болып есептеледі.
(d) осындай тарифті қолданатын екінші Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнын 90 күн ішінде хабардар етіп, Тараптардың авиациялық билік орындары олар бекіткен осындай кез келген тарифтің бекітілуін жоюы мүмкін. Осы авиакәсіпорын осы кезең соңында осындай тарифті қолдануды тоқтатады.
(11) Осы баптың 5-тармағы мен 10-тармақтың с) тармақшасының ережелеріне қарамастан, Тараптардың авиациялық билік орындары тағайындалған авиакәсіпорын ұсынған кез келген тарифті бекітеді олар сондай пункттер арасындағы ұқсас ұшулар үшін осы Тараптың авиакәсіпорны ұсынған тарифтерге (мысалы, баға деңгейіне, ұшу жарамдылығының шарттары мен мерзімдеріне, бірақ пайдаланылатын бағдарғыға) сәйкес келеді немесе осы тарифтен неғұрлым төмендетілген немесе көтерілген болып табылады.
8-бап
Кедендік баждар мен салықтар
(1) Бір Тараптың тағайындаған авиакәсіпорындары халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын әуе кемесі, олардың табельдік жабдығын, отынды, жағармай материалдарды, пайдаланатын техникалық қорларды, қосалқы бөлшектерді, қозғалтқышты қоса алғанда және осындай әуе кемелерінің бортындағы борттық қорларды, егер осы табельдік жабдық, отын, жағармай материалдар, пайдаланатын техникалық қорлар, қосалқы бөлшектер, қозғалтқышты қоса алғанда және борттық қорлар әуе кемесінің бортында қалатын болған жағдайда екінші Тараппен өзара негізде, келуі бойынша ұсынылатын қызметтер бағасына негізделмеген, барлық кедендік баждардан, ұқсас төлемдер мен алымдардан босатады.
(2) Табельдік жабдық, отын, жағармай материалдары, пайдаланатын техникалық қорлар, қосалқы бөлшектер, қозғалтқышты қоса алғанда, борттық қорлар (азық-түлікті, сусындарды және темекі бұйымдарын қоса, бірақ осы заттармен шектелмейді), бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының белгісі бар билеттердің бланкілері, авиа жүкқұжаттары, кез келген жарнамалық материалдар осы тағайындалған авиакәсіпорын немесе оның атынан ақысыз тарататын, екінші Тараптың аумағына осы тағайындалған авиакәсіпорын әкелген немесе осы тағайындаған авиакәсіпорын пайдаланатын әуе кемесінің бортына қабылданған, тіпті бұл табельдік жабдық пен заттар екінші Тарап аумағынан өтетін бағдарғы учаскесіне қолданылатын болса да, кәдімгі баспа материалдарын екінші Тарап өзара негізде келгенде ұсынылатын бағасына негізделмеген барлық кедендік баждардан, салықтардан және ұқсас төлемдер мен алымдардан босатады.
(3) Осы баптың (1) және (2) тармақтарында көрсетілген табельдік жабдық пен басқа да заттар талап бойынша екінші Тараптың кедендік билік орындарының бақылауында немесе қадағалауында болып жайластырылуы мүмкін.
(4) Осы баптың (1) тармағында көрсетілген табельдік жабдық пен басқа да заттар екінші Тарап аумағына осы екінші Тараптың кедендік билік орындарының рұқсатымен түсірілуі мүмкін. Осы жағдайда, мұндай табельдік жабдық пен басқа да заттар, кері әкетілгенге дейін немесе осы екінші Тараптың аумағында қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес басқа да қолданыс тапқанға дейін, осы баптың (1) тармағында көзделген өзара негізінде босатылуымен қолданылады. Осы екінші Тараптың кедендік билік орындары дегенмен осындай табельді жабдық пен осындай заттар тиісті уақытына дейін олардың қадағалауында болып жайластырылуын талап етуі мүмкін.
(5) Осы бапта көзделген босатылуға, табельдік жабдық пен басқа да заттарды бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорыны басқа авиакәсіпорнымен немесе авиакәсіпорындармен несие немесе осы баптың 1 және 2-тармағында көрсетілген екінші Тараптың аумағы шегінде табыстау туралы келісім жасасқан жағдайда, табельдік жабдықтар мен басқа да заттар, егер басқа авиакәсіпорын немесе авиакәсіпорындар осы екінші Тараптың босатуы пайдаланған жағдайда да жол беріледі.
(6) Келу және кету бойынша қызмет көрсету бағасына негізделмеген, Тараптың аумағы арқылы тікелей транзитпен келетін жүк пен багаж кедендік баждардан, салықтардан және төлемдер мен алымдардан босатылады.
9-бап
Авиациялық қауіпсіздік
(1) Әрбір Тарап екінші Тарапқа қатысты азаматтық авиацияның қауіпсіздігін заңсыз араласу іс-әрекеттерінен қорғау бойынша өзі алған міндеттемесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатындығын растайды. Әрбір Тарап соның ішінде Токио қаласында 1963 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да іс-әрекеттер туралы конвенцияның, Гаага қаласында 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның және Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы конвенцияның, оның Монреаль қаласында 1988 жылғы 24 ақпанда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайларда заңсыз зорлық жасау іс-әрекеттеріне қарсы күрес туралы қосымша хаттамасы және оған қосымша азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенция және Монреаль қаласында 1991 жылғы 1 наурызда қол қойылған Пластикалық жарылғыш заттарды табу мақсатында, оларды жасыру туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес іс-қимыл жасайтын болады.
(2) Әрбір Тарапқа өтініш бойынша екінші Тарап азаматтық авиация кемелерін заңсыз басып алу іс-әрекеттерін және осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз іс-әрекеттерді, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне кез келген басқа да қауіп-қатерді болдырмау жөнінде барлық қажетті көмекті көрсететін болады.
(3) Тараптар өздерінің екі жақты қарым-қатынастарында Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы белгілеген және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қосымша деп аталатын авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерге сәйкес іс қимыл жасайды. Әрбір Тарап оның тіркелуіндегі әуе кемелерін пайдаланушылардың немесе негізгі қызмет орны немесе тұрақты болу орны оның аумағында орналасқан әуе кемелерін пайдаланушылардың аумақтарында орналасқан әуежайларды пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі осындай ережелерге сәйкес іс-қимыл жасауын талап етеді.
(4) Әрбір Тарап әуе кемелері пайдаланушылардан олардың осы екінші Тарап аумағы шегінде кіру, шығу және оның болуы үшін екінші Тарап талап ететін, осы баптың 3-тармағында айтылған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелердің сақталуын талап ете алады. Әрбір Тарап өз аумағы шегінде әуе кемелерін қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгін, багажды және борттық қорларды қону немесе тиеу кезінде және оған дейін тексеру үшін балама шараларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. Әрбір Тарап сондай-ақ екінші Тараптың нақты қатерді болдырмау мақсатында қауіпсіздіктің арнайы шараларын қабылдауы туралы кез келген өтінішіне оң қарайды.
(5) Азаматтық әуе кемесін заңсыз басып алуға немесе әуе кемелерінің, оның жолаушылары мен экипажының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз іс-әрекеттерге байланысты қақтығыс немесе қақтығыс қатері туындаған жағдайда, әрбір Тарап екінші Тарапқа байланыс құралдарымен
жәрдемдесу жолымен және осындай қақтығыстың немесе олардың қатерінің жылдам әрі қауіпсіз жолын кесуге арналған басқа да тиісті шаралар қолдану арқылы бір-біріне көмектесетін болады.
10-бап
Статистикалық ақпарат беру
Әрбір Тараптың авиациялық билік орындары сұрату бойынша екінші Тараптың авиациялық билік орындарына, осы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары уағдаластық желілерде қамтамасыз етілетін тасымалдау көлемін қайта қарау мақсатында ақылға қонымды талап етілуі мүмкін кезеңдік немесе статистикалық ақпарат беретін болады. Осындай ақпаратқа осы авиакәсіпорындар уағдаластық желілер бойынша орындаған тасымалдау көлемін анықтау үшін қажетті барлық ақпарат және осындай тасымалдардың жөнелту және тағайындау пункттері кіреді.
11-бап
Кірістерді айырбастау және аудару
(1) Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорындарының Қазақстан Республикасына Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы арқылы талап бойынша жергілікті шығыстардан асатын жергілікті кірістерді айырбастауға және аударуға құқығы бар. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тағайындалған авиакәсіпорындарының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданына Қазақстан Республикасынан талап бойынша жергілікті шығыстардан асатын жергілікті кірістерді айырбастауға және аударуға құқығы бар.
(2) Осындай кірістерді айырбастауға және аударуға осындай кірістерді айырбастауға және аударуға ұсынған уақытта күшіне енген ағымдағы аударуға қолданылатын айырбастау бағамы негізіндегі шектеусіз рұқсат беріледі және осындай айырбастау мен аударуды орындау кезінде әдетте банктер өтетіп алатын алымдардан басқа ешқандай алымдарға әкеп соқтырмайды.
(3) Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары уағдаластық желілерді пайдаланудан алатын жергілікті шығыстардан асатын жергілікті кірістер сомасы Тараптардың заңнамасы мен ережелеріне сәйкес салық салудың заты болып табылады.
12-бап
Авиакәсіпорын өкілдігі мен коммерциялық қызмет
(1) Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорынның келуге, болуға және персоналды жалдауға қатысты екінші Тараптың заңдары мен ережелеріне сәйкес авиатасымалдарды қамтамасыз ету үшін талап етілетін өзінің басқарушылық, техникалық, пайдаланымдық және басқа да мамандар штатын әкелуге және екінші Тараптың аумағында ұстауға құқығы бар.
(2) Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорыны екінші Тараптың аумағында тікелей не агенттер арқылы авиатасымалдарды сатуды жүргізуге құқылы. Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары өзінің авиакөлік қызметтерін сатуға, ал кез келген тұлға жергілікті валютаға немесе айналымдағы кез келген валютаға осындай авиатасымалдарды сатып алуға құқылы.
13-бап
Алымдар ставкалары
(1) Әрбір Тарап екінші Тараптың авиакәсіпорындарына осыған ұқсас халықаралық әуе қатынасын орындайтын өзінің меншікті авиакәсіпорындарынан өндіріп алу үшін белгіленген алымдар ставкаларынан асатын алымдар ставкаларын белгілемейді немесе белгілеуге рұқсат етпейді.
(2) Әрбір Тарап осы алымдары белгілейтін олардың құзыретті органдары мен осы органдар ұсынатын қызметтерді және құралдарды пайдаланатын авиакәсіпорындар арасындағы алымдар ставкаларын қолдануға бағытталған консультацияларды мүмкіндігінше осы авиакәсіпорындарды білдіретін ұйымдар арқылы жүргізуге ықпал ететін болады. Алымдар ставкаларының өзгеруіне қатысты кез келген ұсыныстар туралы негізделген хабарлама қызметтерді пайдаланушыларға осы өзгерістерді енгізгенге дейін өздерінің пікірлерін айтуға мүмкіндік беретіндей етіп ұсынылуы тиіс. Әрбір Тарап алым ставкаларын белгілейтін өздерінің құзыретті органдары мен осындай пайдаланушылардың арасында алым ставкаларына қатысты тиісті ақпаратпен алмасуға әрі қарай да ықпал етеді.
14-бап
Консультациялар
Кез келген Тарап кез келген уақытта осы Келісімді орындау, түсіндіру, қолдану немесе оған өзгерістер енгізу мәселелері жөнінде екінші Тараптан консультациялар жүргізуді талап ете алады. Осындай консультациялар, егер Тараптар өзгеше келіспеген болса, екінші Тараптың жазбаша түрдегі өтінішін алған күннен бастап 60 (алпыс) күннің ішінде басталады.
15-бап
Дауларды реттеу
(1) Тараптардың арасында осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану жөнінде дау туындаған жағдайда, Тараптар дауды ең алдымен келіссөздер жүргізу арқылы шешуге талпынатын болады.
(2) Егер Тараптар келіссөздер арқылы келісімге келмесе, онда ол дауды қарауға қандай да болмасын тұлғаға немесе органға берілуі мүмкін немесе Тараптың бірінің өтініші бойынша дау үш төрешіден тұратын Төрелік соттың қарауына тапсырылады, бұл төрелік сот мынадай жолмен құрылады:
(а) Әрбір Тарап дипломатиялық арналар бойынша дауды Төрелік сотта қарауға сұрау салуды алған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде бір төрешіні тағайындайды. Екінші тарап өз төрешісін тағайындаған күннен бастап 60 (алпыс) күннің ішінде екі төрешінің уағдаласуы бойынша дауға қатысты бейтарап деп есептелетін үшінші мемлекеттің азаматы үшінші төреші болып тағайындалады және Төрелік соттың президенті ретінде іс-қимыл жасайды.
(б) егер жоғарыда белгіленген мерзім ішінде қандай да бір тағайындау болмаса, Тарап Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесінің Президентіне қажетті тағайындауларды 30 (отыз) күннің ішінде жүргізу туралы сұрау салуы мүмкін. Егер президент өзін дауға қатысты бейтарап деп танылмайтын мемлекеттің азаматы деп санаса, онда осының негізінде білікті бас вице-президент тағайындаулар жүргізеді.
(3) Осы бапта одан әрі көзделгенді немесе Тараптар басқа жолмен келіскендерді қоспағанда, Төрелік сот өз юрисдикциясының шектерін анықтайды және өз рәсімдерін белгілейді. Төрелік соттың нұсқауы бойынша немесе Тараптардың сұрауы бойынша Төрелік соттың толық құрамы белгіленген күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірмей Төрелік сотта шешуді қажет ететін нақты мәселелерді анықтау жөнінде кеңес және одан кейінгі ерекше рәсімдер өткізіледі.
(4) Тараптардың қалай да бір жолмен келіскендерін немесе Төрелік соттың ұйғарымын қоспағанда, әрбір Тарап Төрелік соттың құрамы бекітілген күннен бастап 45 (қырық бес) күннің ішінде меморандум ұсынуы тиіс. Жауабы келесі 60 (алпыс) күннің ішінде беріледі. Төрелік сот бір Тараптың сұрауы бойынша немесе жауап берілгеннен кейін өз қалауы бойынша 30 (отыз) күннің ішінде тыңдау өткізеді.
(5) Төрелік сот тыңдау аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күннің ішінде немесе, егер тыңдау өткізілмеген болса, жауаптардың екеуі де ұсынылған күннен бастап жазбаша шешім шығару үшін шаралар қабылдайды. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.
(6) Тарап шешімді түсіндіру туралы өтінішін оны алғаннан кейін 15 (он бес) күннің ішінде жібере алады және мұндай түсініктеме ол келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күннің ішінде беріледі.
(7) Төрелік соттың шешімі Тараптар үшін міндетті.
(8) Әрбір Тарап өзі тағайындаған төрешінің қызметіне ақы төлейді. Төрелік соттың Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесінің президенті немесе вице-президентінің осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетілген рәсімдерді орындау кезіндегі кез келген шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстарын Тараптардың екеуі де бірдей етіп тең шамада төлейді.
16-бап
Түзетулер
Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша енгізілген кез келген түзетулер Тараптар арасында жазбаша нысандағы ноталармен алмасу жолымен расталған жағдайда күшіне енеді. Мұндай түзетулер келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.
17-бап
Келісім күшінің тоқтатылуы
Бір Тарап кез келген уақытта екінші Тарапқа өзінің осы Келісімнің күшін жою туралы шешімін жазбаша түрде хабардар етуі мүмкін. Осы Келісімнің күші, егер тоқтату туралы осы хабарлама уағдаластық бойынша осы мерзім аяқталғанға дейін жойылмаса ғана, осындай хабарламаны екінші Тарап алған күннен бастап бір жылдың ішінде кідіріссіз (хабарламаны алған орында) түн ауа тоқтатылады.
18-бап
Халықаралық азаматтық авиация ұйымына тіркеу
Осы Келісім және оған кез келген түзетулер Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымында тіркелуі тиіс.
19-бап
Күшіне енуі
Осы Келісімнің Тараптары осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті тиісті ішкі рәсімдердің орындалғанын растайтын жазбаша хабарламаны бір-біріне ұсынулары тиіс. Осы Келісім соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
Гонконг қаласында 2006 жылғы 22 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Алшақтық болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.
ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ ҮШІН ГОНКОНГ АРНАЙЫ ӘКІМШІЛІК
АУДАНЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҮШІН
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі
арасындағы халықаралық әуе қатынасы туралы келісімге қосымша
Бағыттар кестесі
1-бөлім
Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорыны немесе авиакәсіпорындары пайдаланатын бағыттар:
Қазақстан Республикасында бір пункт - аралық пункттер - Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы - тысқарғы пункттер
Ескертулер:
1. Қазақстан Республикасындағы пунктті Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары белгілейді. Жоғарыда белгіленген бағыттарда қызмет көрсетілетін аралық пункттерді және тысқарғы пункттерді екі Тараптың авиациялық билік орындары бірлесіп белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорыны немесе авиакәсіпорындары кез келген немесе барлық ұшулар кезінде, осы бағыттар бойынша келісілген желілер Қазақстан Республикасында басталуы шартымен, жоғарыда көрсетілген бағыттардағы кез келген пунктті қалдырып кетуі мүмкін.
3. Бір де бір трафиктің аралық пунктте немесе тысқарғы пунктте бортқа қабылдануы және Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданында түсірілуі мүмкін емес немесе керісінше.
4. Қытай Халық Республикасының негізгі аумағындағы бір де бір пункттің аралық пункт немесе тысқарғы пункт ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.
2-бөлім
Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тағайындалған авиакәсіпорыны немесе авиакәсіпорындары пайдаланатын бағыттар:
Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы - аралық пункттер - Астана - тысқарғы пункттер
Ескертулер:
1. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданындағы пунктті ГАӘА авиациялық билік орындары белгілейді. Жоғарыда белгіленген бағыттарда қызмет көрсетілетін аралық пункттерді және тысқарғы пункттерді екі Тараптың авиациялық билік орындары бірлесіп белгілейді.
2. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тағайындалған авиакәсіпорыны немесе авиакәсіпорындары кез келген немесе барлық ұшулар кезінде, осы бағыттар бойынша келісілген желілер Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданында басталуы шартымен, жоғарыда көрсетілген бағыттардағы кез келген пунктті қалдырып кетуі мүмкін.
3. Бір де бір трафиктің аралық пунктте немесе тысқарғы пунктте бортқа қабылдануы және Қазақстан Республикасында түсірілуі мүмкін емес немесе керісінше.
4. Қытай Халық Республикасының негізгі аумағындағы бір де бір пункттің аралық пункт немесе тысқарғы пункт ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.