Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген 13-бөлім мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
"57-1. Қазақстан-хорват сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" деген 14-бөлімде:
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан-испан экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық аралас комиссиясы.";
мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
"59-1. Қазақстан-кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия.";
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген 16-бөлімдегі 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов