Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 285 Қаулысы.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 наурыздағы
N 285 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін
әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату
және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін,
тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы,
кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының)
сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі

      1. Осы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесі "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

      4. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) сәйкестікті, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестеріндегі (сатыларындағы) ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың ветеринарлық ілеспе құжаттарына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін және ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) ветеринарлық-санитарлық тексерулер жолымен тексеру түріндегі бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Тамақ өнімдерінің оларды әзірлеу (жасау) процестеріндегі (сатыларындағы) сәйкестігін және тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тамақ өнімдерінің және нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларына және тәжірибе үлгілеріне санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын белгіленген бұзушылықтарға байланысты және бақылау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында заңнамаға сәйкес мынадай актілер:

      1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары:

      санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісін;

      Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық туралы хаттама;

      алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларын;

      адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, жұмыстан уақытша шеттету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайларда шаруашылық қызметті тоқтата тұру, олар адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда халықтың пайдалануына және қолдануына, сондай-ақ шаруашылық қызметке арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, пайдалануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықтарды, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылар;

      Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

      салауаттылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы ұйғарымдар;

      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы;

      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық сараптама және диагностика жүргізу туралы;

      жануарлар мен адам үшін ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қаупі төнген жағдайларда көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады;

      ветеринарлық нормативтерді бірнеше рет бұзған ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының ветеринарлық мамандарын қайта аттестаттау туралы;

      жануарлардың саулығына және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, ветеринарлық препараттарды, азық және азық қоспаларын залалсыздандыру (зарарсыздандыру), қайта өңдеу туралы ұйғарымдар;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолдану немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;

      жануарлардың саулығына және адам өміріне аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Об утверждении Правил осуществления контроля за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о безопасности пищевой продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2008 года N 285.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о безопасности пищевой продукции.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 марта 2008 года N 285

Правила
осуществления контроля за соответствием пищевой продукции
в процессах (на стадиях) ее разработки (создания),
производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения, за соответствием процессов (стадий) разработки
(создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и
уничтожения пищевой продукции требованиям, установленным
законодательством Республики Казахстан о безопасности пищевой
продукции

      1. Настоящие Правила осуществления контроля за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о безопасности пищевой продукции разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О безопасности пищевой продукции".

      2. Контроль за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о безопасности пищевой продукции осуществляется должностными лицами санитарно-эпидемиологической службы и государственными ветеринарно-санитарными инспекторами в пределах своей компетенции, установленной законами Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).

      3. Должностные лица санитарно-эпидемиологической службы осуществляют контроль за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания), производства (изготовления), оборота и утилизации, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции, требованиям санитарных правил и норм, гигиенических нормативов, нормативных правовых актов в области безопасности пищевой продукции и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      4. Контроль за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее производства (изготовления), оборота и утилизации, за соответствием процессов (стадий) производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции должностные лица санитарно-эпидемиологической службы осуществляют путем проведения проверок в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения".

      5. Государственные ветеринарно-санитарные инспектора осуществляют контроль за безопасностью пищевой продукции, подлежащей ветеринарно-санитарному контролю, в процессах (на стадиях) производства (изготовления) и оборота пищевой продукции, за соответствием процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции, подлежащей ветеринарно-санитарному контролю, требованиям нормативных правовых актов в области безопасности пищевой продукции и ветеринарии.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).

      6. Государственные ветеринарно-санитарные инспектора осуществляют контроль в виде проверок путем ветеринарно-санитарного обследования пищевой продукции, подлежащей ветеринарно-санитарному контролю и процессов (стадий) производства (изготовления), оборота, утилизации и уничтожения пищевой продукции, подлежащей ветеринарно-санитарному контролю, включая проверку их соответствия сопроводительным ветеринарным документам, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О ветеринарии".

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).

      7. Контроль за соответствием пищевой продукции в процессах (на стадиях) ее разработки (создания) и за соответствием процессов (стадий) разработки (создания) пищевой продукции осуществляется должностными лицами санитарно-эпидемиологической службы и государственными ветеринарно-санитарными инспекторами путем проведения санитарно-эпидемиологической и ветеринарно-санитарной экспертизы проектов нормативно-технической документации и опытных образцов пищевой продукции в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).

      8. В зависимости от установленных нарушений законодательства Республики Казахстан о безопасности пищевой продукции и в целях принятия правовых мер воздействия по результатам контроля издаются, в соответствии с законодательством, следующие акты:

      1) должностными лицами санитарно-эпидемиологической службы:

      акт санитарно-эпидемиологического обследования;

      протокол о нарушении требований законодательства Республики Казахстан о санитарно-эпидемиологическом благополучии населения;

      постановления главных государственных санитарных врачей о проведении профилактических и противоэпидемических мероприятий;

      постановления о привлечении к административной ответственности, временном отстранении от работы лиц, приостановлении хозяйственной деятельности в случаях нарушений требований законодательства Республики Казахстан о санитарно-эпидемиологическом благополучии населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, запрещении ввоза, производства, применения и реализации продукции, предназначенной для использования и применения населением, а также в хозяйственной деятельности, запрещении производства, применения и реализации новых видов сырья, продукции, технологического оборудования, процессов, инструментария в случае признания их опасными для жизни и здоровья людей;

      предписания об устранении нарушений требований законодательства Республики Казахстан о санитарно-эпидемиологическом благополучии населения и проведении санитарно-противоэпидемических мероприятий;

      2) государственными ветеринарно-санитарными инспекторами:

      предписания:

      об устранении нарушений требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;

      о проведении ветеринарно-санитарной экспертизы и диагностики объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля;

      о запрещении или приостановлении хозяйственной деятельности физического или юридического лица без судебного решения в случаях угрозы возникновения или распространения особо опасных и других заразных болезней животных, включая болезни, общие для животных и человека, на срок не более трех дней с обязательным предъявлением в указанный срок искового заявления в суд. При этом акт о запрещении или приостановлении деятельности действует до вынесения судебного решения;

      о переаттестации ветеринарных специалистов лаборатории ветеринарно-санитарной экспертизы, допустивших неоднократное нарушение ветеринарных нормативов;

      об обезвреживании (обеззараживании), переработке животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      постановление о наложении дисциплинарного взыскания или привлечении к административной ответственности в случае нарушения законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      постановление об изъятии животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность здоровью животных и человека.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).

      9. Акты должностных лиц санитарно-эпидемиологической службы и государственных ветеринарно-санитарных инспекторов обязательны для исполнения физическими и юридическими лицами.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением Правительства от 08.12.2009 № 2038 (порядок введения в действие см. п. 2).