Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ветеринарлық қадағалануға", "ветеринарлық қадағалауды" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның", "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган", "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздер тиісінше "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның", "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган", "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;

      2) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;

      3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері - ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;

      4) балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;

      5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;

      6) ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;

      7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

      8) дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      10) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      11) есептік нөмірі - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;

      12) жалған тамақ өнімдері - көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;

      13) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;

      14) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;

      14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;

      15) қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;

      16) қатерді бағалау - зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;

      17) қатерді басқару - қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;

      18) қатерлерді талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;

      19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;

      20) қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;

      21) қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;

      22) нормативтік-техникалық құжаттама - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;

      22-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23) өнімдердің тамақ құндылығы - организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;

      24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері - ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;

      25) тамаққа биологиялық активті қоспалар - байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;

      26) тамақ қоспалары - тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;

      27) тамақ өнімдері – шикiзат, тамақ өнімдері, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және азық қоспалары;

      28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;

      29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) - жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау процесі;

      30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;

      32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) - тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);

      33) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру объектісі) - тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын;

      34) тамақ өнімдерін сәйкестендіру - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерінде (сатыларында) белгілі бір өнімдердің айырымдық белгілері бойынша танылуын қамтамасыз ететін рәсім;

      35) тамақ өнімдерінің айналымы - тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;

      36) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің қуаттылығы, құрамында белок, майлар, көмірсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;

      37) тамақ өнімдерінің қадағалануы - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін (шыққан тегін, қозғалысын және тұрған жерін) қадағалау мүмкіндігі;

      38) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

      39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат – Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;

      40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

      41) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      42) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші - адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;

      43) тамақ өнімдерінің партиясы - қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және (немесе) буып-түйілген біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;

      44) тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы - адамның немесе жануарлардың тұтынуы нәтижесінде тамақ өнімдерінен бөлінетін және олардың физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететін қуат мөлшері;

      45) тамақтық азық-түлік - адамның тамаққа тұтынуына арналған табиғи немесе өңделген түрдегі азық-түлік;

      46) таңбалау - тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), этикеткалар, контрэтикеткалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер) тұтыну ыдыстары (бумалар);

      47) шикізат - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, микробиологиялық, химиялық жолдармен және минералдан алынатын объектілер;

      48) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      49) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.

      2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.

2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері

      1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:

      1) мыналарды:

      адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;

      тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;

      экологиялық қауіпсіздікті;

      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

      3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;

      4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.

      2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:

      1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;

      2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;

      3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;

      4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;

      5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;

      6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;

      7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:

      1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) мыналарды:

      адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;

      мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);

      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);

      Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;

      генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;

      6) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті

      1. Алып тасталды - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      3) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;

      3-1) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өткізу сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына олардың сәйкестігін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;

      5) мыналарды:

      тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;

      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;

      6) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      7) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;

      9) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамада белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      10) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

      11) өндіру объектілерінің және ішкі сауда объектілерінің есебі және мониторингі;

      12) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу;

      13) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      14) мыналарды:

      тамақ өнімдеріне оның қауіпсіздігін айқындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

      курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруі;

      тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы;

      балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу;

      тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

      3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      2) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      3) мыналарға:

      Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;

      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      9) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринарлық құжаттар беру;

      10) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      12) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және мониторингті жүзеге асыру;

      13) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      14) мыналарды:

      тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;

      Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;

      15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

      16) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;

      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

      4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау

      1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

      2. Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

      1. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау), әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

      Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспалар, балалар тағамы азық-түлігі, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдар, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері мемлекеттік тіркелуге тиіс.

      2. Мемлекеттік тіркеу:

      1) субъект ұсынатын және тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға, берудің шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың сараптамасын;

      2) жүргізілетін ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сараптамасын;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), оған әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тізілімдерге енгізуді қамтиды.

      3. Бір өндіруші дайындаған бір түрдегі, бір атаудағы тамақ өнімдерін бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.

      4. Мемлекеттік тіркелуге тиісті азық қоспаларының, балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген тамақ өнімдері уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде қолдануға рұқсат етіледі.

      5. Балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

10-бап. Субъектілердің құқықтары

      Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) өндіру объектісінің және ішкі сауда объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық жай-күйі туралы уақтылы дұрыс ақпарат алуға;

      2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың, ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларға қатысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйым стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;

      6) тамақ өнімін өндіру (дайындау) процестерін жүзеге асыру кезінде осындай өнімнің қауіпсіздік талаптарына байланысты ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімдерді әзірлеуге, енгізуге және қолдауға;

      7) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізуге;

      8) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтар алуға құқылы.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Субъектілердің міндеттері

      Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

      2) субъектілер персоналын алдын ала және мерзімді медициналық тексеруді және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдармен келісім бойынша тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін белгілеуге;

      4) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) олардың әрбір партиясының қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;

      5) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздіктер туралы ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;

      6) осы баптың 5) тармақшасында аталған тамақ өнімдерін тиісті сараптамаға жіберуге;

      7) егер тамақ өнімдерінің қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілген жағдайда, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерін (сатыларын) дереу тоқтатуға, оларды ішкі сауда объектілерінен қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізілуін қамтамасыз етуге, содан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға;

      8) тамақ өнімдерін сатып алушыларға (тұтынушыларға), уәкілетті органдарға олардың талап етуі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды табыс етуге;

      9) өздері өндірген, өткізген немесе кәдеге жаратқан тамақ өнімдерімен байланысты қатерлерді болдырмау немесе азайту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға жәрдемдесуге;

      10) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) олардың сәйкестендірілуін және қадағалануын қамтамасыз етуге міндетті.

4-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР

12-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

      1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:

      1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы;

      2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;

      3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;

      4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

      5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .

      4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:

      1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);

      2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;

      3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;

      4) мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған және броньнан шығару тәртібімен кәдеге жаратуға жататын тамақ өнімдерін қоспағанда, белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;

      5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;

      6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;

      7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.

      5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Мыналар арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне жатады:

      1) спортшыларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді тамақтандыруға арналған арнайы тамақ өнімдері;

      2) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың, оның ішінде балалар тағамына арналған тамақ өнімдері.

      2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:

      1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында және техникалық регламенттерде белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай келуге;

      2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

      3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (қаптамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдері байытылуы (фортификациялануы) мүмкін. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) үшін санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен витаминді-минералды кешендер пайдаланылуы мүмкін.

      2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарға сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Субъект әзірлейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға:

      1) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштері;

      2) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері;

      3) тамақ өнімдерін буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар;

      4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;

      5) зерттеу әдістері, қатерді бағалау, оларды азайту тәсілдері;

      6) қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою тәсілдері енгізіледі.

      2. Тамақ өнімдерінің нормативтік-техникалық құжаттамасының жобалары және тәжірибелік үлгілері уәкілетті органдар белгілейтін тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптамалардан өтуге тиіс.

      Аталған жобалар уәкілетті органдармен келісіледі, оларды субъектілер бекітеді және олар үшін міндетті болып табылады.

      3. Әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы), соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, субъектілер персоналының ықтимал қателіктері кезінде барлық мүмкін болатын қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.

      Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, есептеу, тәжірибелік және (немесе) сараптамалық жолымен жүргізіледі.

      4. Тамақ өнімдерінің әрбір түрі үшін жүргізілген қатерлерді бағалау ескеріле отырып, әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерлерді жоюдың немесе мөлшерлі (рауалы) деңгейге дейін азайтудың (төмендетудің) бүкіл шаралар кешені айқындалуға тиіс.

16-бап. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тамақ қоспалары қолданылуға тиіс.

      2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламентте көзделген жағдайды қоспағанда, тамақтық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізаттарын өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен азық қоспаларын, жануарлардың өсуін тездеткіштерді, пестицидтерді, тыңайтқыштарды пайдалануға жол беріледі.

      3. Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдерінің жекелеген ингредиенттерін ауыстырып отыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргізіледі.

      4. Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау объектілері, ішкі сауда объектілері өндірістік, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларының жабдығы, аумағы, сумен жабдықталуы, кәріздерінің жүргізілуі, жылуы, желдеткіші, жарықтандырылуы және субъектілер персоналының жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      5. Өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Тамақ өнімдерін орау, буып-түю және таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      Ескерту. 17- бап алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.

      2. Егер тамақ өнімдерін сақтау және (немесе) тасымалдау кезінде олардың қауіпті қасиеттерге ие болуына алып келген бұзушылыққа жол берілсе, ол тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін өткізуге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі сауда объектілерінде ғана жол беріледі.

      2. Егер тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілсе, оларды өткізуге болмайды және тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      3. Әкелінетін елдің заңнамасында, стандарттарында өзгеше талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан әкетілетін (экспортталатын) тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      4. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі куәландырылған құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады.

20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының аумағына:

      1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі куәландырылған құжаттары жоқ;

      2) осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген тамақ өнімдерінің әкелінуіне (импортталуына) тыйым салынады.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерін қарап-тексеруді, оның тауарға ілеспе құжаттарын тексеруді жүргізеді.

      Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдері осы Заңның 12-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған лауазымды тұлғалар оларды әкелуді (импорттауды) уақытша тоқтата тұру және тиісті сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (импорттауға) тыйым салады.

      4. Субъект тиісті сараптама нәтижелері бойынша қауіпті деп танылған тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан үш күн ішінде тысқары әкетуге міндетті.

      Егер қауіпті тамақ өнімдері осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылмаса, олар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға қойылатын талаптар

      1. Субъект тамақ өнімдерінің осы Заңда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезден бастап немесе уәкілетті органның нұсқамасы негізінде қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

22-бап. Субъектілер персоналына қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) қатысатын субъектілер персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, сондай-ақ гигиеналық оқудан өтуге міндетті.

      2. Алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтпеген, сондай-ақ әртүрлі аурудың көздері болып табылатын жұқпалы аурулармен ауырған субъектілер персоналын зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелері алынғанға дейін тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберуге тыйым салынады.

23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар:

      1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға;

      2) мақсаты бойынша ғана пайдаланылуға тиіс.

      Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган берген, қауіпсіздігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.

      2. Тамақ өнімдерімен байланысты тасымал сыйымдылықтарының (цистерналар, танкерлер және басқалары), құбырлардың, сорғылардың, шлангілердің, машиналардың, көлік құралдарының, жабдықтардың және аппаратуралардың барлық бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуға тиіс.

      3. Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігін куәландыратын құжатта:

      1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларын;

      2) қолданылуын, пайдаланылу тәсілін;

      3) шығу тегін және өндіріс әдісін;

      4) беру, буып-түю әдістерін және сақтау шарттарын;

      5) пайдалану алдындағы дайындығын;

      6) қабылдау өлшемдерін қоса алғанда, қатерлерді сәйкестендіру және бағалау үшін қажетті деректер болуға тиіс.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерін қадағалау оларды әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қамтамасыз етілуге тиіс.

      2. Тамақ өнімдерін қадағалау:

      1) сәйкестендіру;

      2) деректер жинау және жазу;

      3) субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар туралы ақпарат;

      4) деректер алмасу жолымен қамтамасыз етіледі.

      3. Субъектілер тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде технологиялық паспорттар жасау арқылы тамақ өнімдерін қадағалауды қамтамасыз етеді, құжаттамада қажетті технологиялық және бақылау операцияларының жүргізілгені туралы белгі соғылып, анықталған ақаулар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар көрсетіледі.

      Субъектілер тиісті таңбалаулар мен қолдарын қоя отырып, осы құжаттарды ресімдейді.

      Тамақ өнімдерін қадағалау жөніндегі деректердің жазбасы олардың жарамдылық мерзімі біткен сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.

      4. Өткізілуге тиісті тамақ өнімдері одан әрі қадағалану үшін сәйкестендірілуге және таңбалануға тиіс.

25-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылауға қойылатын талаптар

      1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес субъектілер әзірлеген тәртіппен жүргізіледі.

      2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26-бап. Экологиялық таза тамақ өнімдеріне қойылатын арнайы талаптар

      Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26-1-бап. Органикалық тамақ өніміне қойылатын арнайы талаптар

      Ескерту. 4-тарау 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

27-бап. Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар

      1. Ауыз су Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      2. Ауыз судың қауіпсіздігі бөлігінде су жинау құрылыстарының, су дайындау жөніндегі құрылыстардың, сорғы станцияларының, су құбырлары желілерінің, су сақтайтын сыйымдылықтардың, айналымдағы сумен жабдықтау құрылыстарының техникалық құрылғыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.

      3. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су қажетіне су беретін сумен жабдықтау көздерінің және су құбыры құрылыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық қорғау аймағы болуға тиіс.

      4. Су дайындау станциялары, бірінші көтеру және өңделмеген суды тарту сорғы станциялары үшін алаңдар, жерасты және жерүсті суын тарту құрылыстары, ұйымдардың, резервуарлардың және су айдау мұнараларының аумағында орналасқан шаруашылық-ауыз су құбыры құрылыстары үшін алаңдар таңдауға қойылатын талаптар, құрылыс қоршауларына жапсарластар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.

      5. Минералды табиғи суды пайдалануға оған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен курортология ғылыми орталықтарынан бальнеологиялық қорытынды алынғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Азықтардың және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар

      1. Азықтар және азық қоспалары Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      2. Азықтар және азық қоспалары ветеринарлық-санитарлық тұрғыда қолайлы аумақтан алынуға тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) және одан әкетілетін (экспортталатын) азықтар және азық қоспалары аймақтың эпизоотиялық ахуалы мен олардың шыққан жерлері ескеріле отырып, тексеруден өткізілуге және оларға зертханалық сараптама жүргізілуге тиіс.

5-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ РӘСІМДЕР

29-бап. Сәйкестікті бағалау

      Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), сақтау, тасу (тасымалдау), өткізу мен кәдеге жарату процестерінің сәйкестігін бағалау тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттің және (немесе) тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікке жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-бап. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру

      Тамақ өнімдерін сәйкестендіру Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттерінде белгіленген техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31-бап. Қатерлерді талдау, бағалау және басқару

      1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар қатерді талдауға негізделуге тиіс.

      2. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу деңгейі, аурулардан ада аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.

      3. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау:

      1) адам организміне және тамақ өндірісі үшін қажетті жануарларға зиянды әсер етуі мүмкін сипаттамаларды анықтау;

      2) әрбір анықталған ықтимал әсері бар қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;

      3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолымен жүзеге асырылады.

      4. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.

      5. Тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қатерге талдау жүргізілмей, тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.

      6. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу принципіне негізделуге тиіс.

32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу

      1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда уәкілетті органдар қатерді басқару жөнінде уақытша шаралар қолданады.

      2. Қатерді басқару жөніндегі уақытша шаралар қатердің дәрежесін анықтайтын ғылыми деректер алу үшін қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде қайта қаралуға тиіс.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

33-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

34-бап. Өтпелі кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері бар тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) ерекшеліктері

      Тамақ өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген объектілер қауіпсіздігінің ғылыми негізделген расталуы белгіленгенге дейін олардың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленгеннен аспайтын тамақ өнімдері құрамындағы деңгейі қабылданады.

35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" 2004 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 6, 43-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады