2007 - 2008 жылғы күзгі-қысқы кезеңде Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтауда қалыптасқан төтенше жағдайға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2007 - 2008 жылғы жылыту кезеңінде "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы" акционерлік қоғамының орнықты жұмысын қамтамасыз етуге байланысты отын сатып алу бойынша шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 3441000000 (үш миллиард төрт жүз қырық бір миллион) теңге бөлінсін.