Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 287 Қаулысы

      2007 - 2008 жылғы күзгі-қысқы кезеңде Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтауда қалыптасқан төтенше жағдайға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2007 - 2008 жылғы жылыту кезеңінде "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы" акционерлік қоғамының орнықты жұмысын қамтамасыз етуге байланысты отын сатып алу бойынша шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 3441000000 (үш миллиард төрт жүз қырық бір миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады