"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 314 Қаулысы

      "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі - АЭА) құру, оның жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      3. Мекеме қызметінің негізгі мәндері:
      1) мемлекеттік органдармен АЭА қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
      2) арнайы экономикалық аймақтар құрылатын жер учаскелерін АЭА қатысушыларына, сондай-ақ АЭА аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтемді жер пайдалануға (жалға) беру;
      3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес АЭА аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы сомасының есептемесін жасау;
      4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы шешім қабылдау;
      5) АЭА қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы келісімдер жасасу;
      6) АЭА қатысушыларының қызмет жүргізу туралы келісімдерді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіптерін мемлекеттік органдарға АЭА қызметі туралы ақпарат беру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру жатады.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен оператор компанияны айқындасын.
      5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен мекемені құруға және оның қызметін қамтамасыз етуге 22155000 (жиырма екі миллион бір жүз елу бес мың) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1334 Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, мекемеге жалпы алаңы 3475,9 (үш мың төрт жүз жетпіс бес бүтін оннан тоғыз) гектар жер бөлуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.09 N 2055 Қаулысымен.
      7. Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О неотложных мерах по обеспечению деятельности специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2008 года N 314

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 19 декабря 2007 года № 495 "О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Определить уполномоченным органом в сфере создания, функционирования и упразднения специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический парк" (далее - СЭЗ) Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.

      2. Создать государственное учреждение "Администрация специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк" Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (далее - учреждение).

      3. Определить основными предметами деятельности учреждения:

      1) взаимодействие с государственными органами по вопросам деятельности СЭЗ;

      2) предоставление во временное возмездное землепользование (аренду) участникам СЭЗ, а также юридическим лицам, индивидуальным предпринимателям и нерезидентам, осуществляющим деятельность через постоянное учреждение, зарегистрированным на территории СЭЗ, земельных участков, на которых создаются специальные экономические зоны;

      3) составление расчета суммы платы за пользование земельными участками на территории СЭЗ в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;

      4) принятие решений о допуске физических и юридических лиц к осуществлению деятельности на территории СЭЗ в порядке, определяемом уполномоченным органом;

      5) заключение с участниками СЭЗ соглашений о ведении деятельности;

      6) проведение проверок по исполнению соглашений о ведении деятельности участниками СЭЗ;

      7) предоставление государственным органам информации о деятельности СЭЗ в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;

      8) организация в соответствии с законодательством Республики Казахстан строительства и последующего эксплуатационного обслуживания инфраструктурных ресурсов, осуществляемых за счет бюджетных средств.

      4. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан:

      1) утвердить устав учреждения и обеспечить его регистрацию в органах юстиции;

      2) определить в установленном законодательством порядке компанию-оператора.

      5. Выделить Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на неотложные затраты, 22155000 (двадцать два миллиона сто пятьдесят пять тысяч) тенге на создание и обеспечение деятельности учреждения.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1334.

      6. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан и акиматом Атырауской области осуществить в установленном порядке отвод земель учреждению общей площадью 3475,9 (три тысячи четыреста семьдесят пять целых и девять десятых) гектаров.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 09.12.2009 № 2055.

      7. Принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                                      К. Масимов