Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 314 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 2055 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 314 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      6-тармақта "1787,4 (бір мың жеті жүз сексен жеті бүтін оннан төрт) гектар" деген сөздер "3475,9 (үш мың төрт жүз жетпіс бес бүтін оннан тоғыз)" гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады