Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 372 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 1037 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 № 1037 Қаулысымен.

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығы Құқықтық департаментінің басшысы орынбасарының лауазымына бекітуге Қазбек Малдыбайұлы Малдыбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Хатшылықтың Құқықтық департаменті басшысының орынбасары лауазымында болу мерзімі аяқталуына байланысты Сәуле Мырзаханқызы Сейтімбетова кері шақырылып алынсын.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1141 қаулысы ;

      2) "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1050 қаулысының 2-тармағы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О представлении на утверждение кандидатуры на должность в Секретариате Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества в соответствии с квотой, закрепленной за Республикой Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2008 года № 372. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2011 года № 1037

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.09.2011 № 1037.

      В соответствии с положением о должностных лицах органов Евразийского экономического сообщества, утвержденным решением Межгосударственного совета Евразийского экономического сообщества от 31 мая 2001 года N 14, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Одобрить предложение Министерства иностранных дел Республики Казахстан о представлении кандидатуры Малдыбаева Казбека Малдыбаевича на утверждение на должность заместителя руководителя Правового департамента Секретариата Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества в соответствии с квотой, закрепленной за Республикой Казахстан.

      2. В связи с истечением срока пребывания в должности заместителя руководителя Правового департамента Секретариата в соответствии с квотой, закрепленной за Республикой Казахстан, отозвать Сейтимбетову Сауле Мырзахановну.

      3. Признать утратившими силу:

      1)  постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2004 года N 1141 "О представлении на утверждение кандидатур на должности в Секретариате Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества в соответствии с квотами, закрепленными за Республикой Казахстан";

      2) пункт 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1050 "О представлении на утверждение кандидатуры на должность в Секретариате Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества в соответствии с квотой, закрепленной за Республикой Казахстан".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов