Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 № 1037 Қаулысымен.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығы Құқықтық департаментінің басшысы орынбасарының лауазымына бекітуге Қазбек Малдыбайұлы Малдыбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Хатшылықтың Құқықтық департаменті басшысының орынбасары лауазымында болу мерзімі аяқталуына байланысты Сәуле Мырзаханқызы Сейтімбетова кері шақырылып алынсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1141 қаулысы ;
2) "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1050 қаулысының 2-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов