Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлім мен реттік нөмірі 35-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолымен толықтырылсын:
"7-1. "Қазарнайыкәсіпорын" акционерлік қоғамы 100%".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов