Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 11 маусымдағы N 483 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 398 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлім мен реттік нөмірі 35-жол алынып тасталсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолымен толықтырылсын:
      "7-1. "Қазарнайыкәсіпорын" акционерлік қоғамы 100%".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады