Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
көрсетілген комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;
"Келімбетов Қайрат Нематұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" басқармасының төрағасы" деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Р. Жақсыбеков және Ғ.И. Оразбақов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев