Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясындағы жер сілкінісінің салдарынан қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасына дәрі-дәрмектермен ресми ізгілік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қытай Халық Республикасына Ганьсу провинциясының Тяньщуй станциясына дейін ізгілік жүгін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулының 1-тармағына сәйкес шығарылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының құнын өтеуге сомасы 426459474 (төрт жүз жиырма алты миллион төрт жүз елу тоғыз мың төрт жүз жетпіс төрт) теңге сомасында қаражат;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне темір жол көлігімен ізгілік жүгін жеткізуге байланысты шығыстардың құнын өтеу үшін 1169086,4 (бір миллион бір жүз алпыс тоғыз мың сексен алты теңге қырық тиын) сомасында қаражат бөлсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1240 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмек алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 мамырдағы
N 495 қаулысына
1-қосымша
Қытай Халық Республикасына ресми ізгілік көмек
көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен
шығарылатын материалдық құндылықтардың
тізбесі
Р/с N |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Шығарылатын материалдық құндылықтар- дың саны |
Өлшем бірлігі- не баға (теңге) |
Сомасы, теңге |
---|---|---|---|---|---|
1 |
Матрас |
дана |
10 980 |
2 200 |
24 156 000 |
2 |
Жастық |
дана |
25 100 |
1 000 |
25 400 000 |
3 |
Көрпе |
дана |
5 000 |
2 800 |
14 000 000 |
4 |
Жастық тысы |
дана |
42 100 |
700 |
29 470 000 |
5 |
Ақ жайма |
дана |
32 000 |
900 |
28 800 000 |
6 |
Күртелер мен |
жиынтық |
11 715 |
8 800 |
103 092 000 |
7 |
40 орындық қысқы |
дана |
300 |
490 000 |
147 000 000 |
8 |
Ет консервілері |
н.б. |
267 808 |
230 |
61 595 840 |
Жиыны: |
433 213 840 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 мамырдағы
N 495 қаулысына
2-қосымша
Қытай Халық Республикасына ресми ізгілік көмек
көрсету үшін шығарылатын дәрілік заттардың тізбесі
Р/с N |
Дәрілік затты ң атауы |
Ө лшем бірлігі |
Дәрілік затты ң саны |
Ө лшем бірлі- гіне баға (те ң ге) |
Сомасы, те ң ге |
---|---|---|---|---|---|
Трамадол - 2 мл. |
ампул |
27 000 |
30 |
810 000 |
|
Жиыны: |
810 000 |