1. "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 187
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде:
3-тармақтағы "2008 жылға" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша 2008 жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы "14,5 (он төрт бүтін оннан бес)" деген сөздер "16" (он алты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы "кіші бағдарламасын" деген сөздер "кіші бағдарламасын, 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 5-қосымшадағы "ашылған банктің" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша ашылған банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 7-қосымшада тақырыбындағы "банк кредиті" деген сөздер ", 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша банк кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын.