Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікпен жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
11-тармақтағы "сату" деген сөзден кейін "немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.";
мынадай мазмұндағы 25-3, 25-4, 25-5-тармақтармен толықтырылсын:
"25-3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлік республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - арнайы орган) шешімімен мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдануы мүмкін.
25-4. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдалану.
25-5. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде уәкілетті орган мен арнайы орган арасында қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі (беру актісі) жасалады.
Арнайы орган мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов