Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 511 Қаулысы

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікпен жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
      11-тармақтағы "сату" деген сөзден кейін "немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.";
      мынадай мазмұндағы 25-3, 25-4, 25-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "25-3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлік республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - арнайы орган) шешімімен мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдануы мүмкін.
      25-4. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
      1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
      2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдалану.
      25-5. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде уәкілетті орган мен арнайы орган арасында қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі (беру актісі) жасалады.
      Арнайы орган мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады