Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 524 Қаулысы. Алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 13 тамыздан бастап күшін жояды

      Ескерту. Қаулы 2010.08.13 бастап күшін жойды (2-т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібінде:
      бүкіл мәтін бойынша "жеке басын куәландыратын құжаттың түрі", "ұсынып отырған құжатына", "жеке басын куәландыратын құжатты", "жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа", "жеке басын куәландыратын құжаттың" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе оралманның куәлігі", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігін", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 8) тармақшасындағы "(16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлігі, жеке басының куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі)" деген сөздерден кейін "немесе оралманның куәлігі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 13 тамыздан бастап күшін жояды.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1997 года N 1342

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2008 года N 524. Вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования и утрачивает силу с 13 августа 2010 года

      Сноска. Постановление утратило силу с 13.08.2010 (см. п. 2).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1997 года N 1342 "Об утверждении порядка присвоения социального индивидуального кода уполномоченной организацией" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 41, ст. 388) следующие дополнения:

      в  Порядке присвоения социального индивидуального кода уполномоченной организацией, утвержденном указанным постановлением:

      по всему тексту после слов "удостоверяющего личность", "удостоверяющему личность", "удостоверяющим личность" дополнить соответственно словами, "или удостоверения оралмана", "или удостоверению оралмана", "или удостоверением оралмана";

      в подпункте 8)  пункта 5 после слов "(свидетельство о рождении для граждан, не достигших 16-ти лет, удостоверение личности или паспорт гражданина Республики Казахстан, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства)" дополнить словами "или удостоверение оралмана".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования и утрачивает силу с 13 августа 2010 года.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов