Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және»"Казақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай ауданының жалпы алаңы 6853,0 гектар жер бөлігін Қостанай қаласының әкімшілік шекарасына қосып, Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов