Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетұлы Мұхамбетов Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.