Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстан Республикасының өкілетті өкілін тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 575 Қаулысы

      Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетұлы Мұхамбетов Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне қабылданған шешім туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады