Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 596 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Машина жасау саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 18 маусымдағы
N 596 қаулысына  
қосымша     

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина
жасау саласын дамыту жөніндегі комиссияның құрамы

Шөкеев                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы              Министрінің орынбасары, төраға

Қосынов                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Алмас Олжабайұлы              және сауда вице-министрі, төрағаның
                              орынбасары

Дәрібаев                    - Қазақстан Республикасы Индустрия
Мұрат Аманкелдіұлы            және сауда министрлігі Өнеркәсіп
                              комитетінің төрағасы, хатшы

Пішембаев                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мейрам Құдайбергенұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Баталов                     - Қазақстан Республикасы Энергетика
Асқар Болатұлы                және минералдық ресурстар
                              министрлігінің жауапты хатшысы

Оразаев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы             шаруашылығы вице-министрі

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы             вице-министрі

Кармазина                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қасымбек                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы               коммуникация вице-министрі

Қуанғанов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы            ғылым вице-министрі

Мақажанов                   - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығмеджан Қойшыбайұлы         басқару агенттігі төрағасының
                              орынбасары

Перуашев                    - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы              экономикалық палатасы заңды тұлғалар
                              бірлестігінің төрағасы (келісім
                              бойынша)

Ізбасханов                  - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық
Қылышбек Сатылғанұлы          компаниясы" акционерлік қоғамының
                              вице-президенті - басқарма төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Есқалиев                    - "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік
Ғали Нәжімеденұлы             қоғамының вице-президенті (келісім
                              бойынша)

Мусина                      - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Лилия Сәкенқызы               акционерлік қоғамының басқарма
                              төрағасының орынбасары (келісім
                              бойынша)

Қизатов                     - "Қазақстан темір жолы" ұлттық
Ермек Әнуәрбекұлы             компаниясы" акционерлік қоғамының
                              вице-президенті (келісім бойынша)

Беклемишев                  - "Белкамит" бірлескен кәсіпорны"
Павел Иннокентьевич           акционерлік қоғамының президенті
                              (келісім бойынша)

Мәндиев                     - "Азия Авто" акционерлік қоғамының
Ержан Оразбекұлы              президенті (келісім бойынша)

Ким                         - "Қазақстан машина жасаушылар одағы"
Виктор Владимирович           Заңды тұлғалары бірлестігінің басқарма
                              төрағасының орынбасары (келісім
                              бойынша)

Әбдіреев                    - "Инжиниринг және технологиялар
Батырбек Сейтенұлы            трансферті орталығы" акционерлік
                              қоғамы Технологиялар трансферті
                              департаментінің директоры (келісім
                              бойынша)

Әкеев                       - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты"
Альберт Айтқожаұлы            акционерлік қоғамының бас директоры
                              (келісім бойынша)

Ахметжанов                  - "Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты"
Әліби Хәкімұлы                акционерлік қоғамының директорлар
                              кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Едігенов                    - "Алматы ауыр машина жасау зауыты"
Жетпісбай Кәрібайұлы          акционерлік қоғамының бас директоры
                              (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 18 маусымдағы
N 596 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина
жасау саласын дамыту жөнінде комиссия туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді , Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) қажеттіліктер мен ішкі және сыртқы нарықтарда өнімге сұраныстың даму перспективаларын ескере отырып, машина жасау саласын дамытудың перспективалы бағыттарын белгілеу;

      2) машина жасау кәсіпорындарының ішкі және сыртқы өндірістік кооперациясын ынталандыру және дамыту;

      3) машина жасау саласы үшін жоғары, бастапқы және орта техникалық және кәсіби білімі бар білікті кадрлар даярлау және оларды салаға тарту;

      4) машина жасау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыруда инновациялық, ақпараттық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін машина жасау саласындағы қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жеке тұлғаларды Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

      4) машина жасау саласының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен енгізуге құқылы.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссияның жүзеге асыратын қызметі үшін және Комиссия дайындайтын шешімдер үшін дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссия отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстардың хаттамаларын ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссияның хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.

      9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      10. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      11. Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
      Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      12. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

О создании Комиссии по развитию машиностроительной отрасли при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2008 года N 596. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года N 453

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.

      В целях развития машиностроительной отрасли Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Комиссию при Правительстве Республики Казахстан по развитию машиностроительной отрасли (далее - Комиссия) в составе согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 18 июня 2008 года N 596

       Сноска. Приложение с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 20.07.2009 N 1101 .

Состав
Комиссии по развитию машиностроительной отрасли
при Правительстве Республики Казахстан

Шукеев                        - Заместитель Премьер-Министра
Умирзак Естаевич                Республики Казахстан, председатель

Косунов                       - вице-министр индустрии и торговли
Алмас Олжабаевич                Республики Казахстан, заместитель
                                председателя

Дарибаев                      - председатель Комитета
Мурат Аманкельдиевич            промышленности Министерства
                                индустрии и торговли Республики
                                Казахстан, секретарь

Пшембаев                      - депутат Мажилиса Парламента
Мейрам Кудайбергенович          Республики Казахстан

Баталов                       - ответственный секретарь Министерства
Аскар Булатович                 энергетики и минеральных ресурсов
                                Республики Казахстан

Оразаев                       - вице-министр сельского хозяйства
Марат Аблахатович               Республики Казахстан

Даленов                       - вице-министр финансов Республики
Руслан Ерболатович              Казахстан

Кармазина                     - вице-министр экономики и бюджетного
Лена Магауияновна               планирования Республики Казахстан

Касымбек                      - вице-министр транспорта и
Женис Махмудулы                 коммуникаций Республики Казахстан

Куанганов                     - вице-министр образования и науки
Фархад Шаймуратович             Республики Казахстан

Макажанов                     - заместитель Председателя Агентства
Ныгмеджан Койшибаевич           Республики Казахстан по управлению
                                земельными ресурсами

Перуашев                      - председатель Объединения
Азат Турлыбекович               юридических лиц Национальная
                                экономическая палата Казахстана
                                "Союз "Атамекен" (по согласованию)

Избасханов                    - заместитель председателя правления -
Кылышбек Сатылганович           вице-президент акционерного общества
                                "Национальная компания "Казахстан
                                инжиниринг" (по согласованию)

Искалиев                      - вице-президент акционерного общества
Гали Нажмеденович               "Банк Развития Казахстана"
                                (по согласованию)

Мусина                        - заместитель председателя правления
Лилия Сакеновна                 акционерного общества
                                "Национальный управляющий холдинг
                                "КазАгро" (по согласованию)

Кизатов                       - вице-президент акционерного общества
Ермек Ануарбекович              "Национальная компания "Қазақстан
                                темір жолы" (по согласованию)

Беклемишев                    - президент акционерного общества
Павел Иннокентьевич             "Совместное предприятие "Белкамит"
                                (по согласованию)

Мандиев                       - президент акционерного общества
Ержан Оразбекович               "Азия Авто" (по согласованию)

Ким                           - заместитель председателя правления
Виктор Владимирович             Объединения юридических лиц "Союз
                                машиностроителей Казахстана"
                                (по согласованию)

Абдреев                       - директор Департамента трансферта
Батырбек Сейтенович             технологий акционерного общества
                                "Центр инжиниринга трансферта и
                                технологий" (по согласованию)

Акеев                         - генеральный директор акционерного
Альберт Айткужинович            общества "Петропавловский завод
                                тяжелого машиностроения"
                                (по согласованию)

Ахметжанов                    - председатель совета директоров
Алиби Хакимович                 акционерного общества "Западно-
                                казахстанская машиностроительная
                                компания" (по согласованию)

Едигенов                      - генеральный директор акционерного
Жетписбай Карибаевич            общества "Алматинский завод
                                тяжелого машиностроения"
                                (по согласованию)

Утверждено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 18 июня 2008 года N 596

Положение
о Комиссии по развитию машиностроительной отрасли
при Правительстве Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комиссия по развитию машиностроительной отрасли при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. В своей деятельности Комиссия руководствуется Конституцией и  законами   Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами , международными договорами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Основные задачи Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии является выработка предложений по:

      1) определению перспективных направлений развития отрасли машиностроения с учетом потребностей и перспектив развития спроса продукции на внутреннем и внешнем рынках;

      2) стимулированию и развитию внутренней и внешней производственной кооперации машиностроительных предприятий;

      3) подготовке квалифицированных кадров для отрасли машиностроения с высшим, начальным и средним техническим и профессиональным образованием и их привлечению в отрасль;

      4) формированию и развитию в машиностроительной отрасли современной инновационной инфраструктуры, обеспечивающей оказание инновационных, информационных услуг в коммерциализации научно-технических разработок в сфере машиностроения.

3. Права Комиссии

      4. Комиссия в пределах своей компетенции для осуществления возложенных на нее задач вправе:

      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами и организациями;

      2) приглашать на заседания Комиссии и заслушивать представителей государственных органов и организаций, а также физических лиц по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;

      3) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных и других организаций, а также физических лиц материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      4) вносить в установленном порядке в Правительство Республики Казахстан предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан и нормативных правовых актов , регулирующих вопросы машиностроительной отрасли.

4. Организация деятельности Комиссии

      5. Комиссию возглавляет председатель - Заместитель Премьер- Министра Республики Казахстан. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль над реализацией решений и несет персональную ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией и за решения, вырабатываемые Комиссией. Во время отсутствия председателя, его функции выполняет заместитель председателя.

      6. Рабочим органом Комиссии является Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан.

      7. Подготовку предложений по повестке дня заседаний Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протоколов заседаний осуществляет секретарь Комиссии.

      Секретарь не является членом комиссии.

      8. Секретарь Комиссии не позднее, чем за три дня до заседания направляет членам Комиссии все необходимые документы.

      9. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      10. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу Комиссии.

      11. По результатам проведения заседаний комиссии составляется протокол, подписываемый всеми ее членами.

      Протокол заседания Комиссии направляется рабочим органом в Правительство Республики Казахстан.

      12. Комиссия прекращает свою деятельность на основании решения Правительства Республики Казахстан.